30
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
салыстырып көру керек деген мәселеге байланысты риуаят
етілген хадистің бірнеше түрі әр түрлі сәнадтармен келген-
дігін, десе де бұл сәнадтардың әлсіз екендігін айтқаннан
кейін ибн Уәһбтің (ө. 197/812) Амр ибн әл-Харистен (ө.
150/767 ден бұрын) оның да Асбағ ибн Мұхаммед ибн
Әби Мансурдан риуаят еткен мына бір мұнқатиғ хадисті
келтіреді:
«Мен айтты деген хадистер үшке бөлінеді:
1- Құранның көмегі арқылы танитын хадистер. Бұларды
қабылдаңдар.
2- Құранда мәселесі айтылмаған хадистер. Бұларды қа-
былдамаңдар.
3-Төбешаштарыңдытіктұрғызыпсендерді әсерлендірген
хадистер. Бұларды да қабылдамаңдар».
75
Бәйхақи, Зирр ибн Хубайыш>Асым ибн Әбин-Нәжуд
арқылы Али ибн Әби Талибтен риуаят етілген «Менен
кейін хадистерімді риуаят ететін көптеген рауилер пайда
болады. Олардың риуаят еткен хадистерден Құранға
сәйкес келетіндерін алыңдар, сәйкеспейтіндерін алмаңдар»
деген хадисін айтқаннан кейін осы риуаятқа байланысты
Дарәқутнидің (ө. 385/995) мына көзқ расын келтіреді:
«Осы хадистің Асым ибн Әибн-Нәжуд>Зирр ибн
Хубайыш>Али ибн Әби Талиб сәнадымен келген риуаят
қате. Дұрысы Асым>Зәйд ибн Али сәнадымен келген
риуаят».
76
Сүннеттің Құранға сәйкес келуі мәселесінде Бишр ибн
Нүмейір арқылы хазірет Алиден келген риуаятқа қарағанда,
Расулуллаһ (с.а.у.) былай бұйырған:
«Алдағы уақытта менен сендерге хадис жеткізетін
көптеген адамдар ортаға шығады. Құранға сәйкес түрде
жеткізілгендері менің сөзім. Құранға сәйкеспейтіндері болса,
75.
Негізі табылмады.
76.
Дарәқутни, Акдия 20.