Previous Page  5 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 110 Next Page
Page Background

5

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тұрғыдан қарағанда дара әрі көлемді еңбек болғандығы үшін,

алғашқылардың қатарына жатады. Араб және түрік тілдерінде

оншақты рет басылып, оқырманның көкейінен шыққан

бұл еңбек, Суютиден кейін ғылымға құштар ғалымдар мен

ізденушілер үшін диссертациялық жұмыстарға да арқау болуы

еңбектің құндылығын көрсетуде.

Дегенмен Суюти аталмыш еңбегінде өзінен бұрынғы

жазылғанеңбектердеорыналғанриуаяттардыжинақтағанымен,

сол риуаяттардың дұрыстығы жағына мән бермеген. Бірақ

осы тақырыптағы сахих хадистермен қатар өкінішке орай

кейбір сүннеттің дәлелділігін көрсете алмайтын сахих емес

риуаяттарды да алған. Осылай бола тұра еңбекте келтірілген

аяттар мен сахих хадистер, сүннеттің сапасы мен рөлін және

маңыздылығын көрсету жағынан жеткілікті дәрежеде деуге

болады.

Біздің зерттеу жұмыстарымызға қарағанда бұл еңбек, араб

тілінде жеті рет жарық көрген. Алғаш рет 1343/1924 жылында

Мысырда «Мәжмуатур-рәсаилил-Мүнирия» ішінде басылған.

1347/1928 және 1353/1933 жылдары Мысырда Мүнирия

басылымын негізге ала отырып екі рет басылған. 1402/1982

жылы Мадинада тағы да, 1347/1928 жылғы нұсқасынан офсет

басылымы жасалған. Доктор әс-Сәйд әл-Жәмилидің кішігірім

өңдеуінен кейін 1980 жылы Мысырда басылған. Мұстафа

Абдулқадыр Атаның көз жүгіртіп, тексеруімен 1407/1987

жылы Бәйрутта; Абдуррахман Фаһуридің тексеріп, өңдеп,

анализ жасап, алғы сөз жазуымен 1410/1990 жылы; Бәдір ибн

Абдуллаһ әл-Бәдридің өңдеп шығып, қысқаша кіріспе сөзімен

«Мифтахул-Жәннә фил-Иғтисам бис-Сүннә» деген атпен –

1414/1993 жылы Бәйрутта жарық көрген.

Осы кітаптың екі рет түрік тіліне аударылып, үш рет

басылғандығынан хабардар болдық. Біріншісі, Юксел

Кылышасланның аударғаны «Ақидада Сүннеттің орны»

деген атпен 1987 жылы Стамбулда басылған. Екіншісі Әнбия