Previous Page  7 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 110 Next Page
Page Background

7

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Кіріспе

Бисмилләһир-рахманир-рахим.

Нақ сүйенерім Аллаһқа хамд, елеулі құлдарына сәлем

болсын!

Аллаһ сіздерге мейірім берсін; мына жайтты ұмытпаған

жөн, дауасы мол білім бар; әжетхана сияқты пікір бар; олар

тек қана қажетті кезде ойға келеді. Міне осындай пікір,

қазіргі таңда қайта өзекті мәселеге айналып отыр. Кейбір

шеттен шығушылар пайғамбар сүннетін дінде дәлел ретінде

келтіруге болмайды, бір ғана бұлақ көзі Құраннан басқа

дәлелжоқдепжүр. Оларосыойларындәлелдеуүшін«Менен

сендергежеткенхадистердіҚұранғасалыпкөріңдер.Құранда

негізі бар жайттарды қабылдап, өзгесін тәрк етіңдер»

1

деген

ойдан шығарылған хадисті алға тартады. Мен бұл ойды

өзгелер сияқты олардан өз құлағыммен естідім. Өкінішке

орай кейбіреулер мұның сырын біліп тұрса да білмегендей

көз жұма қараса, кейбіреулер мұның негізінде қандай

арам пиғыл жатқанын білмейді. Міне осы пікірдің негізін

айқындау, бұрыстығын дәлелдеу, мұның қауіпті тұстарын

көрсетіп беру үшін қолға қалам алып отырмын.

Аллаһ Тағала сіздерге мейірімін төксін; мейлі сөз

жүзіндегі, мейлі амал жағынан болсын, әдістемелік

кітаптарда айтылған шарттарға сай келетін хадистердің

дәлел екендігін мойындамайтындар, күпірлікке жол беріп,

Ислам шеңберінен шығатынын ұмытпаңыз. Олар Яхуди,

Христиан яки қарсылықпен ғұмырын өткізген кәпірлер

тобырымен бірге қайта тіріледі.

Бір күні Имам Шафи бір хадис риуаят етіп, ол хадистің

сахих екенін айтады. Сол кезде бір адам Шафиден «Ей,

1.

Осыған ұқсас риуаяттар үшін қараңыз. Шафи, әр-Рисала, 224 б;

Дарәқутни, Сүнән ІҮ, 209 б; Ажулини, Кәшфул-Хафа І, 89 б.