60
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Сен һәм өзіңді һәм өзгелерді құрдымға түсірдің!» деді.
176
Ибн Аббастан да осыған ұқсас бір риуаят айтылған.
177
Бәйхақи, Шафидің мына сөзін риуаят етеді:
«Құрандағы нәсих пен мәнсух аяттарын, тек қана мына
жол арқылы білуге болады:
1 - Расулуллаһтың (с.а.у.) нәсихті білдіруі
2 - Нәсих пен мәнсух аяттарынан біреуінің, екіншісінен
кейін келгендігін білдіретін уақыттың белгілі болуы
3 - Нәсихке байланысты хадис немесе ижманы білетін
адамның сөзі
Нәсих аяттарының көпшілігі, тек қана Расулуллаһтың
сүннетімен белгілі болады.
178
Пәтуа беру мүмкіндігі
Ибнул-Мүбарак «адам қай кезде пәтуа бере алады?»
деген сұраққа; «Сүннет жайлы білімі мен одан пәтуа шығара
алатын дәрежеге жеткен кезде...» деп жауап берген.
179
Жүндүб ибн Абдуллаһ (ө. 60/680 нен кейін),
Расулуллаһтың (с.а.у.) «Құранды өзінің көзқарасы бойынша
жорамалдаған, көзқарасы дөп түссе де қателескен болады»
дегенін риуаят еткен.
180
176. Бәйхақи, Сүнән Х, 118; әл-Мәдхал 178 б; Хатиб, әл-Фақиһ І, 244; Хази-
ми, а.а.ә. 6 б.
177. Бәйхақи, әл-Мәдхал, 185 б; Табарани, әл-Кәбир Х, 259-260; Хазими, а.а.ә.
7 б.
178. Шафи, әр-Рисалә 222 б.
179. Бәйхақи, әл-Мәдхал, 179 б; ибн Абдилбәрр, а.а.ә. 346 б. Хатиб әл-Фақиһ
ІІ, 332.
180. Әбу Дәуіт, Илм, 5; Тирмизи, Тәфсір 1; Ахмет ибн Ханбал І, 233; Табара-
ни, әл-Кәбир ІІ, 175; Әбу Яғла, Мүснад ІІІ, 90; Хатиб, а.а.ә. І, 188-200;
Муттақи а.а.ә. 2957.