Previous Page  61 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 110 Next Page
Page Background

61

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аяттардың түсу себебін білудің негізі:

Сүннет

Ибраһим әт-Тәймидің (ө. 153/770) риуаятына қараған-

да хазірет Омар, ибн Аббасқа бұл үмбеттің кітабы

бір, пайғамбары бір, қыбыласы бір бола тұра қалайша

келіспеушілікке түсетіндігін сұрады. Ибн Аббас оған «Ей,

мүміндердің әміршісі! Құран біздің арамызда түсірілді; оны

оқыдық, не жайлы түскендігін жақсы білдік. Бірақ бізден

кейін, Құрандыоқидыалайда түсу себептерін білмегендіктен

әр топ оны өз бетінше жорамалдап келіспеушілікке түседі.

Ал келіспеушілікке түскеннен соң бір-бірімен соғысады»

деп жауап берді.

181

Сайд ибн Мансурдың Сүненінде де риуаят етілген бұл

хабар,

182

Құран тәпсіріменшұғылданған адамның, аяттардың

не үшін түскендігін білу керектігін, оны тек қана хадистерден

үйрене алатындығы айтылған.

Хазірет Омардың

сүннетке деген көзқарасы

Шағбидің риуаятына қарағанда хазірет Омар, Шурайхқа

(ө. 80/-699 шамасы) жіберген хатында, «Маңызды бір

мәселеге кездессең Құранға қара, соған қарап үкім бер.

Құранда болмаса Расулуллаһтың (с.а.у.) үкімін қолдан.

Расулуллаһтыңдаолжайлыүкімі болмаса салихадамдардың

әрі әділимамдардыңүкімінеқара. Егероларданда іздегеніңді

таппасаң ижтихад ет деп тәлім берген».

183

Ибн Мәсғудтың былай деп айтқандығы риуаят етілген:

181. Хатиб, әл-Жамиғ ІІ, 194.

182. Сайд ибн Мансур, Сүнән І, 176.

183. Нәсай, Адабул-қудат 11; Дарими, Муқаддимә 20; Бәйхақи, Сүнән Х, 110;

ибн Хазм, әл-Иһкам ҮІ, 29-30; Хатиб, әл-Фақиһ І, 492; ибн Абдилбәрр,

а.а.ә. 360-361 б.