Previous Page  94 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 110 Next Page
Page Background

94

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Тағы да Хакимнің риуаятына қарағанда Али ибн Әбу

Талиб (р.а.) былай деген:

«Кейбір адамдар ибн Мәсғудқа келіп, оны мақтай

бастады. Мен де олардың сөздерін артығымен құптадым.

Олардың сөзіне қосымша оның, Құранды ең жақсы оқитын,

адал дегенін адал, арам дегенін арам деп қабылдайтын, фиқһ

пен сүннетті білетіндігін де айттым».

352

Әбу Һұрайра (р.а.) Расулуллаһтың (с.а.у.) былай деп

айтқанын риуаят еткен:

«Аллаһ Тағала Ғифар қауымына кешірім берсін, Әслам

қауымын қорғасын. Мұны мен айтып тұрған жоқпын,

Аллаһтың әмірі екендігін біліп қойыңдар».

353

Сопылардың сүннетпенжүруге

байланысты көзқарастары

Зүннун әл-Мысри (ө. 245/859) былай деген:

«Аллаһты жақсы көрудің белгісі, Оның Елшісінің

ахлақына, әрекеттеріне, әмірі мен сүннетіне сай жүру».

354

Әбу Сүлеймен әд-Дарани (ө. 215/830) де «Сопыларға тән

бір жайт, менің жүрегімді көбінесе қатты мазалайды. Алайда

екі әділ куәгер болып саналатын кітап пен сүннет арқылы

куәлік етпейінше оны қабылдай алмаймын» деген.

355

Ахмет ибн Әбил-Хауари, (ө. 230/844) болса, «Кімде-

кім сүннетке қарамай амал істейтін болса, ол амалы босқа

кетеді» деген.

356

Әбу Хафм Омар ибн Салим әл-Хаддадтың (ө. 270/863)

былай деп айтқаны риуаят етілген:

352. Хаким, а.а.ә. ІІІ, 310.

353. Бұхари, Мәнақиб, 6; Мүслим, Фәдайлус-сахабә 46; Табарани, әл-Әусат

ІІ, 89; Хаким, а.а.ә. ІҮ, 82.

354. Кушейри, Кушейри Рисалеси (аударған. Сүлеймен Ұлыдаг), 80 б.

355. Кушейри, а.а.ә. 94 б.

356. Кушейри, әр-Рисалә 410 б.