Previous Page  97 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 110 Next Page
Page Background

97

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

көрсету, халықтың қажеттіліктерін өтеу, үнемі Аллаһты

зікір ету, рұқсаттармен амал етуден алшақтап, мүмкін емес

нәрселерге жорамал жасаудан сақтану».

368

Хаууас (ө. 291/903) сабырға былай деп анықтама берген;

«кітап пен сүннеттің үкімдерімен жүру».

369

Ал Сәһл ибн

Абдуллаһ (ө. 273/886 немесе 283/896) игілік дегенімізді,

«сүннетпен жүру»

370

деп түсіндірген.

Әбу Али әд-Дәққақ (ө. 406/1015) мынадай бір оқиғаны

айтып береді:

«ӘбуЯзидәл-Бистами(ө. 234/848немесе261/874), әулие

екен деп жүрген бір адамға жолығу үшін жолға шығады.

Әулиенің мешітіне барғанда отырып күте бастайды. Күткен

әулиесі келеді. Оның мешітте қақырып түкіргенін көргенде

Әбу Язид оған сәлем де бермей, дереу орнынан тұрып кетіп

қалады. «Расулуллаһтың (с.а.у.) әдебін дұрыс орындай

алмай жүрген адамға, хақтың сырлары жайында қалай сенім

артуға болады?» деген тоқтамға келеді.

371

Әбу Хафсаның айтуы бойынша, тәуәссул етудің ең

дұрыс жолы – құлдың үнемі Аллаһқа мұқтаждығын білуі,

барша амалдарын сүннетке сай қылып, адал жолмен рызық-

несібесін іздеуі арқылы мүмкін болмақ.

372

ӘбуНуайымСәһл ибнАбдуллаһтың былай деп айтқанын

риуаят етеді: «(Тариқат жолында жүретін) біздердің алты

ұстанымымыз бар: Аллаһ Тағаланың кітабынан берік ұстану,

Расулуллаһтың (с.а.у.) сүннетімен жүру, адал рызық, жапа

шектіруден сақтану, күнәлардан сақтану, өзгелердің ақысын

жемеу. Кімде-кім Елшіге еретін болса, оның жүрегі басқа

368. Кушейри, а.а.ә. 235 б.

369. Кушейри, а.а.ә. 279 б.

370. Кушейри, а.а.ә. 326 б.

371. Кушейри, а.а.ә. 92 б.

372. Кушейри, а.а.ә. 382 б.