98
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
нәрселерді қаламайды».
373
Әд-Динәуәри (ө. 298/910)
374
«әл-Мүжәләсә» ат-
ты кітабында, Рафизилердің пайда болуы жайында
Абдуррахман ибн Абдуллаһтан (ө. 79/695) алған мына бір
мәліметті берген:
«Бір топ діннен безгендер жиналып, мұсылмандардың
пайғамбарларын (с.а.у.) жамандайық деген ұйғарымжасады.
Алайда топтың басшысы, олар өлтіріп тастауы мүмкін деген
қорқынышпен бұған қарсы шықты. Одан да пайғамбардың
достарын жамандап, «көршіңе қиянат жасағың келсе итін
ұр да қаш» деп сахабаларды балағаттауды жөн көрді. Мұны
барлығы құптап, «Алиден басқалардың барлығы тозақтық.
Негізінде шын пайғамбар Али еді; бірақЖәбірейіл қателесіп
уахиді Мұхаммедке әкелді» деп шықты».
Бұхари, әт-Тарих атты еңбегінде ибн Мәсғудтың (р.а.)
мына сөзін риуаят етеді: «Аллаһ Тағала хазірет Нұхты (а.с.)
пайғамбар етіп жіберді. Оның қауымын діннен безгендер
жойып жіберді. Сосын пайғамбарлар бірінен кейін бірі
келді. Аллаһтың атымен ант етемін! Мына үмбетті тағы да
сол діннен безгендер құртады».
375
Рафизиліктің тармақтары
Діндер мен мәзхабтарға байланысты кітап жазған бір
жазушының Рафизилікті 12 топқа бөлгендігін көрдім:
376
1- Аләуия: Автор, бұлардың «Али пайғамбар» дейтінін
373. Әбу Нуайым, а.а.ә. Х, 190.
374. Әбу Бәкір Ахмет ибн Мәруан ибн Мұхаммед (қараңыз. әл-Қаттани, әр-
Рисаләтул-мустатрафә 53 б).
375. Бұхари, әт-Тарихул-Кәбир ІІ, 235.
376. Суютидің мұнда көрсеткен еңбегін іздеп таба алмадық. Енді бір жағынан
осы еңбекте айтылған Рафизи ағымдарының көзқарастары, аттары,
сандары мен ерекшеліктері жағынан Мәзхабтар тарихына байланысты
жазылған кітаптардағы мәліметтерге дәл келмейді. Сондықтан Суютидің
берген осы мәліметтер зәрттеуді талап етеді. (Аудармашы.)