95
Сүннеттің діндегі орны
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Әрдайым амал-әрекетін Құран мен сүннеттің өлшеміне
салмаған әрі көңілінен өткендерді тексермегендерді адам
деп есептемеңдер».
357
Жүнейд (ө. 297/909), «Расулуллаһтың (с.а.у.) ізімен
жүргендерден басқаларға барша жолдар жабық. Құран
жаттамаған әрі хадис жазып үйренбегендердің артынан
еруге болмайды. Біздің тариқат жайлы түсінігіміз,
кітап пен сүннеттің өлшеміне сай келеді. Бұл жолымыз,
Расулуллаһтың сүннетімен мәртебелі» деген.
358
Әбу Осман әл-Хири (ө. 298/910) болса былай деген:
«Аллаһ Тағаламен сұхбаттасудың жолы, Аллаһтан
қорқу әрі Оның бақылауында екендігін білу арқылы»
Расулуллаһпен (с.а.у.) сұхбаттасу, оның сүннетіне әрі
білімнің сыртқы көрінісе қарай амал ету арқылы мүмкін
болмақ. Кімде-кім сөзі мен әрекеттерін сүннеттің әміріне
сай қылатын болса, аузынан хикметті сөз шығады. Кімде-
кім нәпсінің айдауына ерсе, сүннетке қайшы келетін
(бидғат) сөздер сөйлейді. Аллаһ Тағала Құранда:
«Ал егер
Пайғамбарға бой ұсынсаңдар, тура жол табасыңдар»
,
359
деп бұйырған.
360
Әбу Осман дүниеден өтер кезінде, ұлы Әбу Бәкір қатты
қайғырып көйлегін жыртып тастады. Осы кезде әкесі көзін
ашып, ұлына: «Мына әрекетің, сырттай қарағанда сүннетке
қайшы келеді. Ал ішкі жағынан риякерліктің белгісі»
деді.
361
Әбул-Фәуарис Шаһ ибн Шужа әл-Кирмани (ө. 270/883)
былай деген:
«Көзін арамнан сақтаған, нәпсісін шаһуаттан қорғаған,
ішкі дүниесін үнемі бақылаудан өткізіп, сыртын сүннетке
357. Кушейри, Кушейри Рисалеси, 99 б.
358. Кушейри, а.а.ә. 104 б.
359. Нұр сүресі, 54-аят.
360. Кушейри, а.а.ә. 106 б.
361. Кушейри, а.а.ә. 106 б.