Previous Page  99 / 110 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 110 Next Page
Page Background

99

Сүннеттің діндегі орны

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

әрі азандарында «Әшһәду әннә Алиян Расулуллаһ/

куәлік беремін Али Аллаһтың елшісі» сөзін қолданатынын

айтқан.

377

2- Әмрия: Пайғамбарлық хазірет пайғамбар мен хазірет

Алидің арасында ортақ екендігін қолдайды.

378

3-Шайя:ХазіретАлиРасулуллаһтың(с.а.у.)қамқоршысы

әрі досы болғанын, сахабалар болса Расулуллаһтың (с.а.у.)

өсиетіне құлақ аспай хазірет Алиге қол бермей қарсы

шыққанын, осылайша Аллаһтың және Пайғамбардың

әмірін тәрк еткендігін айтып, жалған сөйлейді.

379

Осылай

деп айтқандарға Аллаһтың қарғысы болсын, сахабалардан

Аллаһ разы болсын.

Осы кітаптың басында айтып өткен екінші ағым, осылар.

Әбу Ханифа бұлар жайлы былай деген:

«Бұл ағымның сахабаларды адасқан деп есептеп,

олардың риуаят еткен хадистерін қабылдамауы, Құранды

да қабылдамағандыққа жатады. Өйткені бізге хадистерді

жеткізгендер, Құранды да жеткізген. Егер Құранды

қабылдайтын болса, хадистерді де қабыл етулері керек.

Себебі екеуі де сол рауилер тобынан бізге жеткен».

377. Бұл ағымды қазіргі таңдағы Аләуиялықпен шатастырып алмау ке-

рек. Біздің көз жеткізгенімізше автор Суютидің айтып өткеніндей осы

көзқарастарды ұстанатын әрі Аләуия деп аталатын бұл ағым Мәзхабтар

тарихы еңбектерінде де жазылған. Сонымен қатар осы көзқарастармен

Гурабия/Карғашылар деп аталатын әрі ИСЛАМНАН ТЫС АҒЫМДАР

АРАСЫНА кіретін бір топтың көзқарастары өте сәйкес келеді. (Қараңыз:

Бағдади, әл-Фарқ, 211, 230-231 б; Шәһристани, әл-Миләл уән-ниһал І,

174; Кутлуай, Тарихтен гүнумизге Ислам мәзхабтары 117 б.) (аударма-

шы.)

378. Бұл ағым аудармадағы негізгі нұсқада «Үмәуия» деп айтылғаны қате

болуы керек. Өйткені мұндай есім тарихи тұрғыдан қарағанда ағымның

жоғарыда көрсетілген көзқарастармен сәйкеспейді. Негізі Бәдр ибн

Абдуллаһ әл-Бәдрдің нұсқасында айтылғаны сияқты «Әмрия» деп ата-

луы осы көзқарастарға сәйкес келеді. Сондықтан да «Әмрия» сөзінің,

өзгеріске ұшырап «Үмәуия» деп келуі әбден мүмкін. (аудармашы)

379. Көзқарастары жағынан бұл ағымның атының «Шийя» болуы мүмкін. (ау-

дармашы).