197
Таңдамалы әңгімелер
қарауға жүрегі дауаламады... Өйткені, өз түрінен өзі
зәресі ұшып кеткен еді.
Ой, жалған десейші! Отқа күюдің не екенін шын-
дап сезінгенде, маған ұқсап бір-ақ түнде қанша адам
қартайып кетер еді?!
Алдымыздан тосар ақыретті ойламай бір күнгі қу
тіршілікке мәз болып жүре беру қаншалықты ақымақтық
десейші?!
Бейсеннің көкейінен осы ойлар кетпеді.
Өйткені, ақыреттегі лаулаған тозақ отында мәңгілік
жанбау үшін де бұ дүниеде иман етіп, күналардан
арылудың қажетін ол жаңа ғана анық түсінген бола-
тын.