Previous Page  193 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 193 / 208 Next Page
Page Background

193

Таңдамалы әңгімелер

қазірден-ақ сезгендей еді. Алдымен денесін тер басады,

артынша қиналып, демі жиілей береді, пеш қызуымен

қоса дене қызуы да бірте-бірте арта түседі...

Мүмкін бұлардың бәрі басталмай жатып-ақ жүрегі

тоқтап қалар, мүмкін сол сәтте жынданып кетер, жын-

данып тұрып есі кете айғайлап күлетін шығар...

Рас, соның өзі де тәуір шығар! Бір жынданып кетсе,

мынадай жанын жеген азапты ойлардан бірден арылар

еді-ау.

Ойына пештен күнделікті пісіп шығатын ып-ыстық

нандар оралды. Сондағы ыстықты айтсайшы?! Ыстық

өтпей жатып қолын тартып ала қоятын. Осы жолы сол

нандардың орнында енді өзі піспек.

Бірнеше күн бұрын жұмысшылардың қарны ашып,

кішкене ғана қазанға тамақ жасаған еді. Бір уақытта

байқамай әлгі қазанның қып-қызыл түбіне жалаң

қолының тиіп кетпесі бар ма? Қарақошқылданып бірден

ісіп, ішіне су толыпшыға келді. Сонда бар болғаны екі-ақ

саусағы күйіпті. Соның өзіне шыдай алмай ойбайлаған

күйі қолын суық суға малып еді. Ал енді ше?..

Енді екі саусағы емес бүкіл денесі тырысып-

бырысып күйіп-жанбақ. Көз алдына кинолардағы

жанған адамдар елестеді. Өз жайы олардан да қиын-

ды. Өйткені, бұл бірден жанып кету емес. Бірте-бірте...

жындана айғайлап... Тіпті, айтуға аузың бармайды!

Пештің іші ыси бастағандай. Құйқа тамыры шы-

мырлап кетті. Есікті жауып кеткен кісі пешті де қосып

кетті ме екен?!..

Мына ыстықтың бара-бара артқаны несі?.. Ой, тоба!

Күткен сәт қалай тез келді. Сағатына қарады. Сағат түнгі

1.00. Ой, сұмдық екі сағат қалай тез өтті?! Уақыт тура су

секілді. Өмірің де бір су екен ғой деді іштей. Қолымен