189
Таңдамалы әңгімелер
Мені ақ матамен орап, ұзын табытқа салыпты.
Көзім жұмулы болса да, маңайымдағылардың даусын
анық-ақ естудемін.
– Байғұс, жастай кетті-ау. Алда бітіретін талай
істері, көрер қызығы көп еді, – деп мүсіркесіп жатыр.
Шынымен де, көп жұмыстарым бітпей қалды. Ба-
лама қос қабатты үй, әйеліме шетелдік машина, үйді
жиһазға толтырсам деген ойым, жаңа фирма ашып
ақшаны күреп табам деген жоспарларым – бәрі де жар-
тылай бітпей қалды.
Бірден тосыннан естілген «Болды, бәрі де өтті,
кетті» деген дауыстан құлағым шыңылдап қоя берді.
Ішімнен, шіркін, әлі өтпегенде ғой дедім.
Тәп-тәуір-ақ көлік айдаушы ем, қалай ғана қазаға
ұшырадым екен? Бірте-бірте не болғанын еске түсіріп
жатқанда, достарымның табыттың есігін жаппақ болып
ыңғайланғандығын байқадым. Енді бір сәтте табыттың
саңылауынан ішке құйылған күн сәулесінен басқа ай-
налам тас қараңғы түнекке бөленді. Қанша тыпырламақ
болып, барынша айғайлағым келгенмен бұнымнан түк
шықпады. Қатты қорыққандықтан ештеңе де ойлай алар
емеспін. Аздан кейін табытты иыққа артып, жайлап қана
бір жаққа апара жатқандарын сездім. Дәл осы кезде жай-
лап жаңбыр себелей бастады. Сірә, жаназамды шығару
үшін мені мешітке апара жатыр-ау деймін. Мешіт
демекші, есіме түскенін қарашы, тіршілігімде үйге тиіп
тұрған мешітке аяқ аттап көрмеппін. 50 жасқа толғанда
барлық нашар әдеттерімді тастаймын, әрі намазды да
сол кезде оқып, жақсы адам болам деп ойлаушы ем.
Құлағымның түбінен бағанағы дауыс қайта
естілді.
– Болды, бәрі де өтті, кетті.