195
Таңдамалы әңгімелер
еш тыйым салып көрмепті. Одан да оған Аллаһ пен
пайғамбардың кім екенін үйретсеші?!
Ойына бірден өз балалық шағы оралды. Өмірінің
әр күні көз алдына елестеп өткендей болды. Бірақ
қайсыбірін еске алмасын, ол күндерден қатты өкінтетін
күнәлар мен жиіркенішті қылықтар ғана қалыпты. Бар
істеген күнәлары бүге-шігесіне дейін есіне түсті. Демек,
осының бәрі үшін Аллаһ алдында жауапқа тартылатыны
сөзсіз еді. Осы сәт есіне бір нәрсе сап ете қалды.
Үміт оты жалт етті. Дереу пеш ішіндегі таза
тозаңмен тәйәммүм соғып, намазға тұрды. Бәрі әбден
шегіне жетіп үзілер шақта басқа кімге жалбарынсын?!
Негізі, бар намазда өзін осылай сезінуі керек еді. Өзін
өмірінде тұңғыш рет Жаратушымен тілдесіп тұрғандай
сезінді. Бүкіл әлем атаулының Жаратушысына шын
көңілмен шүкіршілік айтуды, бір ғана Содан жәрдем
тілеп, бір ғана Соған арқа сүйеу керектігін, дұрыс
адам болуды бар жан-тәнімен сезінді. Шын ынта-
ықыласымен сәждеге бас қойды. Түптің түбінде бәрібір
сол Құдай жаққа баратындығын естен шығармауы ке-
рек еді. Шаршаған сайын отырып тәуба қылды. Құдіреті
шексіз Аллаһ тағаладан кешірім тіледі. Тағдырдың та-
лайымен тап-тар жерге қалай таңылып қалды десейші?!
Пеш ішінде отырғандығы есіне түскен сайын денесін
тер жуып өтті...
...Шыңғыс үйіне келе сала жастыққа бас қойды.
Түн ортасы шошып оянды. Сағатқа қарады. Сағат –
3.15. Түс көріпті. Не деген қорқынышты түс десейші?!
Бірден есіне әлдене түсті. Мүмкін емес! Пештің есігін
жапқан кезде ішінде Бейсен қалып қойған жоқ па?!
Киіне сала дереу көшеге жүгіре шықты. Екі өкпесін
қолына ала тоқтамастан ұшты. Түнгі жұмысшылар әлі