192
Тағылым таразысы
зауытқа барды. Ішке кіріп, сыртқы есікті жапты.
Жарықты қосты да пештің қақпағын ашып ішке кірді.
Керекті тазалығын жасап, үйге қайтпақ. Әдет бойынша
таңғы төртке жақын бірді-екілі жұмысшылар да келе
бастайтын, келе сала тоқпен істейтін пештің түймелерін
басатын, сөйтіп олар қамырды илеп әзірлегенше пеш те
қызып дап-дайын тұрушы еді.
Бейсен тазалыққа беріліп кетті. Бір жағынан өзі
ұнататын әнді де ыңылдап айтумен болды. Дәл сол кезде
зауыттың жас жұмысшыларының бірі Шыңғыс зауытқа
қайта соқты. Ол кірлеген жұмыс киімін алып кетуге
келген еді. Кір киімін үйге ала кетіп, жуғызып, ертесі
күні таза күйінде кимек болған. Сыртқы есікті ашқанда
таңғалды. «Ой сұмдық, іштегі жарықты сөндіруді біреу
ұмытып кеткен-ау шамасы» деп ойлаған ол барып кір
киімін алды. Пештің алдынан өтіп бара жатып, ашық
тұрған пештің есігін қолымен сәл итере салды. Шығып
бара жатып жарықты сөндіріп кетуді де ұмытқан жоқ.
Жарық сөнгенде Бейсен бірден пештің есігіне
жүгірді. Бірақ қайдан! Пештің қақпағы сырттан кілттеніп
қалыпты. Бар күшін сала айғайға басты. Пештің есігін
ұрғылады. Бірақ қанша тепкілеп, тоқпақтағанымен
даусының сыртқа естілуі мүмкін емес еді. Сырттан
да тырс еткен пенде болмады. Төбе шашы тік тұрды.
Жүрегі аузына тығылып, аласұра бастады.
Біршама уақыт өз-өзіне келе алмады. Демі аздап
басылғанда сағатына қарады. Сағат түнгі 11- ден бес
минут кетіпті. Шамамен пешті қыздыруға бес сағаттай
уақыт қалыпты. Бір демде-ақ өліммен бетпе-бет келген-
дей болды.
Қатты үрейге берілгені сонша – көз алдына
қорқынышты елестер келді. Бұдан әрі не болатынды