187
Таңдамалы әңгімелер
Мен қолым тимей жатса: – Ол Аллаһтікі, балам,
бізге пайдалансын деп берген, – деп қысқа қайырумен
шектелем.
Бір күні бақшада баламмен бірге жүргенмін.
Шірімесін деп жерге салбырап қалған жүзім сабақтарын
жоғарғы сымдарға байлап қойып жатырмын. Бір
уақытта жемістердің әр жерге шашылып, рәсуәсі шығып
желінгенін көргенде, өз-өзімді ұстай алмай: – Бұны
кім істеді екен?! Әттең, қолыма түссе, жонынан таспа
тілер ем! – деп ашумен айғайлап жібергенімді өзім де
байқамай қалдым.
Маңайымдағы тағы бір сабақ жүзімді жәукемдеп
жатқан екі тасбақаға көзім түскенде, жандарына жетіп
барып: – Маған істегендеріңді өздеріңе де істемесем бе?
– деп қатты ашумен екеуін де тұрған орындарында теріс
төңкеріп тастадым.
Олар дәл осы қалыппен жата берсе, өздігінен тұра
алмайтындықтары, көп ұзамай өлетіндігі белгілі еді.
Арадан бір апта өтер-өтпес балам мені тағы да
жауған сұрақтың астына алды.
Қасыма келіп: – Әке, біздің саяжайдағы бау-бақша
кімдікі? – деп сұрады.
Мен бұрынғыдай: – Аллаһтікі балам, бізге пайда-
лансын деп берген, – деп жауап бердім.
– Онда сіз аударып кеткен тасбақалар кімдікі? –
деп сұрағанда, мен ұялғанымнан үндей алмай қалдым,
өйткені оның не ойлағанын сезіп, өзімнің үлкен қателік
жібергенімді ұққан едім.
Бірден тысқа шығып машинамды от алдыра сап
жаздық бауымызға келдім. Тасбақалардың денелерін
жерге жақсылап көміп, тым болмағанда қателігімді
жуып-шайғым келді.