Previous Page  183 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 183 / 208 Next Page
Page Background

183

Таңдамалы әңгімелер

тұратын қайырымды, опалы қонақтарын тағатсыздана

күтетін.

Міне, сол асыға күткен қонақтары тағы да үйге

бас сұқты. Қарт ана оларды сыйлап, айран құйып

берді. Бір уақытта әлдене есіне түсе кеткендей орны-

нан түрегелген әжей қабырғада ілулі тұрған сарғайған

суретті көрсетіп:

– Марқұм күйеуім ұзын бойлы-ақ еді, – деді сурет-

ке қадала қарап, – Анау оның қасында тұрған – менің

балам. Осы суретке түскен кезде ол небәрі үш-ақ жаста

еді. Дәрігер болып, шетел асты. Бізді қолы аузына жет-

кен соң іздемей кетеді десе, ол кезде кім сенеді десейші?!

Е, жалған-ай, – деп күрсінді.

Әркелгенсайынқайталанатынсөздерболғандықтан,

қонақтар өзара әңгімелесіп, оған онша құлақ аспады.

Әжей сонда да әңгімесін әрі сабақтады:

– Қасындағы бұйра шашты менің қызым, – деді, –

ол да бай біреуге тиіп еді, шешесіне мойын бұрмастан

хабар-ошарсыз кетті де қалды.

Қарт ана жаулығымен көзінен шыққан жасты

сүртіп, суреттен көз алмай телміре қарап тұрған сәтінде

қонақтар да «әумин» десіп орындарынан тұрысты.

Көп ұзамай қонақтардың сықырлаған есіктен

шығып, көзден ғайып болуымен үйде бұрыннан

үйреншікті сілтідей тыныштық қайта орнады...

Тосын сый

Есік қағылғанда, кәрі әже таяғына сүйеніп орнынан

баяу түрегеліп, дәліз бойлай сыртқы есікке беттеді: кел-

гендер ұлының әскердегі достары екен. Екеуі де әженің

әжімді бетінен сүйіп, амандасқаннан кейін ұзын бойлы-

сы: – Апа, біздің уақытымыз тығыз. Сізге әшейін кіріп,