180
Тағылым таразысы
болсын, басқаларға тән нәрселерден әкелсең, түйең жа-
салынбай қалады. Мұны әрі ешкім сезуші болмасын, –
депті нықтап.
Бұл істің жасырын болатындығы Жүсіпті тіптен
қызықтырады. Өрік-мейізін әр әкелген сайын: – Ата,
қалай, түйем жасалып жатыр ма? – деп сұрап, кейуана
қарттан «әрине» деген жауап естіп, көңілі көкке бір елі
жетпей қалатын, өйткені әр әкелген өрік-мейізі арқылы
түйесінің денесі мен мүшелері жасалуы керек-ті.
Күнді күн қуалап, Жүсіптің әбден мезі болып, тағаты
таусыла бастаған кезінде көптен күткен қуанышты хаба-
ры да келіп жетеді: – Жүсіп, түйең жасалды. Тек көздері
де тамамдалу үшін екі мейіз әкелсең болғаны.
Бойын кернеген қуаныштан көрер таңды көзбен
атырып, түнде ертемен дайындап қойған мейіздерін
ала сап, таң ата Жүсіп қартқа жүгірді. Алайда қуанышы
қойнына сыймай келгенде, қарт күркесіне жете бере бар
көңіл-күйі су сепкендей басылды, өйткені қарт байғұс
осы түнде көз жұмыпты.
Бар жаназа рәсімін әкесі атқарып, егіле жылаған
кішкене Жүсіп ең жақын адамының бірінен
айырылғандығына әлі де сенбеген күйде еріксіз қарияны
ақтық сапарына шығарып салды.
Қарт денесі жерге берілген соң әне-міне дегенше 12
жылдай уақыт өтіп, Жүсіп баяғы балалығынан арылып,
есейіп жігіт болды. Алайда бір күні аяқ асты жабысқан
өкпе қабынуы мен шизофрения ауруынан мұрттай
ұшып, төсекке таңылды. 1910 жылдар болғандықтан,
әлі бұл аурудың емі табылмаған кез. Ауру әбден дендеп,
асқынғаны соншалық – Жүсіптің әкесі байлығын ша-
шып, сонау Парижге дейін қаратса да түк ем қонбайды.
Бірте-бірте өлім қаупі күшейе береді. Қайда апарса да,