176
Тағылым таразысы
«Балам, – деді бұл жолы әкесі де ашуға басып, – сен
бізден не қалап тұрғаныңды білесің бе?! Ондай мүгедек
адамға қарау оңай емес, оны өмір бойы өзімізге масыл
ғып қайтеміз, әркімнің өз тіршілігі бар дегендей. Не де-
генмен оған рұқсат ете алмаймын, балам. Одан да ол
жолдасыңды таста да, үйге өзің қайт! Ол өз жайын өзі
реттей жатар...»
Осыны естігені мұң екен, баласы бірден телефон
тұтқасын тастай салды.
Содан көп уақыт хабар болмады. Алайда бірнеше
күннен кейін Сан-Франциско полициясынан хабар келіп,
балаларының биік ғимараттан құлап қайтыс болғандығы
туралы хабар жетті. Полиция қызметкерлерінің ай-
туынша, жас жігіт өзін-өзі өлімге қиған көрінеді.
Қайғы арқалаған ата-анасы бірден Сан-Францискоға
ұшып барып, балаларының өлімін анықтау үшін қала
мәйітханасына жетеді. Ата-анасы балаларын бірден та-
ниды, алайда шындықтың байыбына барғанда, қайғы
үстіне қайғы жамалды: қайтыс болған балалары бір қол,
бір аяғынан айырылған мүгедек екен...
Жауапсыздықтың жазасы
Қауырт жұмыспен жүріп сағаттың бес болғанын
түнгі кезекшіліктегі медбике келгенде бір-ақ білдім.
Бала емдеу қызметі емханадағы ең бір шаруасы көп, са-
пырылысып жататын қызмет болғандықтан, енді ғана
күні бойғы қызу аяқ алыс саябырсып, емхана іші бір
сәт тыныштыққа бөленген кез. Мен де кешкі емімді
жасап болып, уһ деп дем алып, бір кесе шаймен жан
шақырайын деп кабинетке бет алдым. Шаршағаным
соншалық – үсті-басымды реттестіріп, өзіме қарауға
да мұршам болмады. Кабинетке келгенім сол-ақ екен,