Previous Page  177 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 177 / 208 Next Page
Page Background

177

Таңдамалы әңгімелер

телефон тағы безілдеп қоя берді. Отырған орнымнан

әрең дегенде тұрып, телефон тұтқасын көтергенімде, ар

жақтағы дауыс аяқ асты көлік апаты болғанын, апатқа

ұшыраған жолаушылардың ішінде кішкене балалардың

да бар екенін, балалардың тамырын табу қиынға

түскендіктен шұғыл түрде көмекке келуімді өтінді. Бар

шаршағанымды лезде ұмытып, уақытында үлгерейін

деп дереу бөлмемнен шығып бара жатқанымда, кезекші

дәрігердің ми хирургына телефон соғып, келетін-

келмейтіндігі жайында керілдесіп жатқандықтарын

құлағым шалып қалды. Кезекші дәрігердің ренжіп

айғайлаған даусынан құлақ тұнғандай:

– Енді не қыл дейсіз?! Сонда қараусыз бұл

адамдардың бәрі өлсін дейсіз бе?! Ештеңені білмеймін,

тез келіңіз!.. Қонаққа баратындығыңызда менің ша-

руам жоқ! Өте маңызды қонақасы болса, алдын-ала

кезекшілігіңізді біреумен ауыспадыңыз ба?!.. Сіз «Гип-

пократ» антын бермеп пе едіңіз?!

Олар осылай айғайласып жатқанда, мен келген

лифтімен тез арада төменгі қабатқа түсіп, жүгірген күйі

жедел жәрдем көрсетуге кеттім.

Айналаның бәрі қан. Улаған-шулаған ел. Жылаған

дауыстар. Әркім өз жақындарын іздестіріп жатқан бұл

көпшіліктің ішінде неден бастап, не істеу керектігін біле

алмай дал болдым, дегенмен бәрі де қолынан келгенше

бір-біріне көмектесіп жатыр. Жедел жәрдем көлігінде

орын қалмағандықтан, жараланған адамдарды жақын

маңайдағы ауруханаларға жеткізісіп жатты. Алғашқы

көмек жасалғанмен қатты соққы алғандардың арасынан

жағдайы тым қиын, ет жақын ешкімі жоқ 15-16 жасар

бір балаға көзім түсті. Хирург қызмет орнына әлі келе

қоймағандықтан, бала шетке шығарылып қойылған-ды.