Previous Page  174 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 208 Next Page
Page Background

174

Тағылым таразысы

Ақ киім

Жол үсті Асқарды кезіктіргенімде, жанымыздағы

мешіттен әуелеген азан үні естілді.

– Бүгін күн жұма. Қаласаң, жүр, мешітке бірге

барайық, – дедім.

Бұдан бұрын да бірнеше рет қолқа салғаным бар.

Ол тағы да келіспеді, әдетінше:

– Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, –

деді тартыншақтап.

– Білемін, бірақ бармауыңның себебін түсінбедім.

– Шынымды айтсам, өзім де анық ұғынбаймын.

Бәлкім, араласып жүрген ортамның әсері бар шығар.

Оның үстіне намаз оқығаннан шалбарымның қыры

бұзылып, тізесі шыға ма деген де ой келеді.

Мен таңғалып:

– Қой, әзілің шығар? Соған бола мешітке жоламай

қоюға бола ма екен? – дегенімде, ол:

– Жоқ, рас айтам, – деді, – бұндайларға жіті көңіл

бөлем, әсіресе ақ түсті киімді ұнататынымды білесің

ғой.

Шынымен үнемі шырттай киініп жүретін. Ақ

түске жақын еді, шалбарының қыры пышақтай болып

тұратын.

– Өміріңде ең болмаса бір рет мешітке барып көрдің

бе? – дедім.

– Бала кезімде атаммен бір-екі рет ілесіп барғаным

есімде. Бірақ енді бармайтын шығармын, – деп жауап

берді ол.

Сол жерде әңгіме үзіліп, бір-бірімізбен қоштастық

та өз шаруамызбен кете бардық. Мен оның айтқан

жауабынан қатты шошындым. Тіпті бұл тақырыпты

қозғағаныма іштей өкінгендеймін.