Previous Page  175 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 175 / 208 Next Page
Page Background

175

Таңдамалы әңгімелер

Арада екі ай өткенде, оның бүгін мешітке келгенін

естіп, таңғалдым. Дереу апыл-ғұпыл мен де мешітке

жеттім. Мешітке жоламай жүрген жолдасым мешіт

ауласындағы намаз қатарларының ең алдына шығып

кетіпті. Бүгін де үстінен ақ түсті жамылғыны байқадым.

Тіпті, жай кездегі киімдерінен де ерекше аппақ па

деймін.

Жайлап қана қасына жақындадым да, сыбырлап:

– Ана жолы мешітке енді бармайтын шығармын

дегенің қайда?! – дедім.

Досым бірақ жауап қата алмады, өйткені ақ кебінге

оранып табыттың ішінде жатыр еді. Жұрт жаназасын

шығару үшін мешітке әкеліпті.

Өкініш

Вьетнам соғысының аяқ кезі...

Елге оралмақ болған әскерлердің бірі үйіне телефон

соғып, әке-шешесімен тілдесті: «Үйге қайтып келе жа-

тырмын. Бірақ сіздерге бір өтінішім бар, өзіммен бірге

бір жолдасымды үйге ерте келсем деп ем... »

«Әрине, – десті үйіндегі ата-анасы, – өзіңмен бірге

ерте кел, танысармыз».

Баласы: «Бірақ сіздерге беймәлім жағдай: ол

– соғыста мина басып кетіп, бір қол, бір аяғынан

айырылған жан... Баратын басқа жері жоқ, біздің үйге

келгеннен кейін де бізбен бірге тұра берсе деп ем...»

«Қап, қиын болды-ау! Мүмкін оны келген соң басқа

бір жерге орналастырармыз. Ол жағынан көмегімізді ая-

маспыз», – деді ата-анасы.

«Жоқ! – деді баласы қатқыл дауыспен, – оның

бізбен бірге тұрғанын қалаймын!»