179
Таңдамалы әңгімелер
баласын ажалдан арашалауға қол ұшын бере алмай, өмір
бойы өзегін өртер өкінішке ұрынды.
Жалғыз баласының күйігінен жүрек талмасына
шалдыққан әлгі дәрігер қайтып қызмет орнына орала
алмады...
Жүсіптің түйесі
Оның әңгімесін осыдан қырық жыл бұрын естіген
едім. Ал кейінірек жақын танысып, әңгімесін нақ өз ау-
зынан тыңдадым.
Жүсіп дәулетті отбасында дүниеге келіпті. Әкесі
өте қарапайым, кішіпейіл кісі болса керек. Сонша
байлығына қарамастан, дүниенің соңына түспей қашанда
қайрылғанға қол ұшын беруге дайын жүреді екен.
Жүсіптің айтуынша, оның бес жасар ес біліп қалған
кезі болса керек. Олардың үйлерінің тұсына бір қарт
кісі келіп, әлгі жерді тұрақтай бастапты. Бұны байқаған
Жүсіптің әкесі ол кісінің азық-ауқатын өз мойнына
алмақ боп, онысын қызметші арқылы жібертсем ренжір
деген оймен кішкене Жүсіп арқылы жіберіп тұруды жөн
санапты.
Жүсіп әуелгіде жүрексінгенмен, келе-келе бұл әдеті
өзіне ұнапты. Әлгі бейбақ қартпен отырып әркез әңгіме-
дүкен құрудан жалықпай, қайта соның айтқан әрбір сөзі
бала жүрегінен терең орын алыпты.
Әлгі қарт бір күні:
– Жүсіп, саған бір түйе жасайын ба? – деп сұрағанда,
оған жоқ демек түгілі Жүсіптің есі кете қатты қуанады.
Қарт бірақ бір шарты бар екенін айтыпты: – Ол үшін
сен үйдегілердің өзіңе беріп тұратын тәтті-пәтті, жүзім-
жаңғақтарынан бір бөлігін үзбей маған әкеліп тұр. Бірақ
маған әкелетіндерің тек саған ғана тиесілі берілгендер