Previous Page  181 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 208 Next Page
Page Background

181

Таңдамалы әңгімелер

еститін жауабы бір ғана: – Бұл – әлі емі табылмаған

ауру. Мүмкіндіктеріңіз болса, Жүсіпті Ыстамбұлдағы

Психикалық ауруханаға жатқызып, арнайы күндіз-түні

бақылаушы жалдаңыз, – болыпты.

Дәрменсіз әке байғұс жаны қалмай, айтылғандардың

бәрін түгелімен орындайды. Күтушісіне де жақсы айлық

төлеп тұрады. Бірақ, өкінішке қарай, Жүсіпте жақсару

нышаны байқалмай, күннен күнге нашарлаған дене

әбден әлсіреп, құр сүлдері ғана қалады. Ауруханаға

келгеніне тұп-тура алты айдан кейін Жүсіптен үміт

үзген дәрігерлер «Балаңыз хал үстінде» деп әкесіне те-

леграмма жібереді.

Бұдан кейінгі оқиғаны Жүсіптің өзі былайша

әңгімелейді:

«40 °С-тан жоғары дәрежеде қызуым көтеріліп, де-

нем күйіп-жанып, өртеніп қатты қиналып жаттым. Бір

уақытта қарасам ұшы-қиырсыз шөлге тап болыппын.

Шыжыған күннің астында, қызған құмның үстінде жан

шыдатпас аптап ыстықтан өліп барам. Бір тамшы суға

зар болып, осы жолы демімнің үзілетіндігіне әбден көзім

жетіп, қоштаспақ ниетпен көкжиекке соңғы рет бір көз

тастағаным сол еді, о тоба, өз көзіме өзім сенбедім.

Баяғы бала кезімдегі қарт бір түйені маған қарай жетек-

теп келеді екен. Әбден жақындағанда: – Жүсіп, балам!

Түйең дайын, міне ғой, – деді.

Жатқан жерімнен қарт көмегімен әрең дегенде

түйеге мінгенімде, шөлдегенім де, бойымдағы бар ау-

руым да ұшты-күйлі жоғалды. Сол сәт көзімді ашып:

– Мен қайда жатырмын? – деппін.

Маңайымдағы дәрігерлер менің сауыққаныма түк

те сенбепті. Өйткені мен бойымды меңдеген бір емес,