186
Тағылым таразысы
қатты қинағандықтан ағаны қайта-қайта еске алып,
өнімін сырттай бақылап жүрдік.
Арада біраз уақыт өткенде хатшысына телефон
соғып, ағамыздың көл-көсір өнім алатын аймағынан 120
гектар жердің игерілгенін естідік.
Құрылысты да бір жөнге келтіріп, тағы телефон
соққанымызда, ағамыздың егер көл жағалауындағы
жерлерін қолға алса, 150 гектар жерден өнім
алатындығын білдік.
Елу мың теңге үшін үшінші рет телефон
соққанымызда арғы жақтан:
– Аға соңында жердің астынан 2 ақ метр жерді
қанағат тұтты. Өткен аптада ол кісінің аяқ астынан
қайтыс болғанын естімеп пе едіңдер? – деген үн саңқ
етті…
Аллаһтікі
Апта бойы таңның атысынан күннің батысына дейін
жұмыс істеп қаттышаршайтындықтан, бір мезгіл бой жа-
зып тынығып қайту үшін қала сыртындағы жаздық бау-
бақшалы үйімізге баратынмын. Бақшадағы жүзімдердің
арасын араласаң, шаршағаныңды бірден ұмытып,
сергіп шыға келесің. Әркез өзіммен бірге кішкене ба-
ламды да ала барып, табиғатты тамашалатқанды тәуір
көрем. Апаруын-апарғанмен оның не болса соған
таңырқап сұрай беретін сұрақтарынан кейде жалығып та
кететінмін. Бірақ сұраған сайын бірдеңе үйренетіндігін
іштей сезем.
Қайта-қайта маған бір нәрсе көрсетіп: – Бұл кімдікі?
– деп сұрайды.