190
Тағылым таразысы
Жаназа намазым оқылып біткеннен кейін,
имам сол жерге жиналғандардан менің қандай адам
болғандығымды сұрады. Іштерінен біраз адамның
үндемегенін де сезіп жатырмын. Мен оларға кезінде
жамандық істеген едім. Ойпырым-ай, аяқ астынан осы
бір апатқа ұшырамағанда, бәрімен қайта достасар ма
едім.
Мешіттегі жұмыс біткеннен кейін мені иыққа
көтеріп, ырғала қайта жолға түстік. Жаңбыр құйып
кеткендіктен, табыттан сорғалаған тамшылардан кебінім
суға малшынды. Мен сонда да достарымның әңгімесінен
құлақ алар емеспін. Олардың кейбіреуі доллар құнының
төмендеп, жоғарылағанына қызыл кеңірдек боп айтысып
жатса, енді біреулері теледидардан көрген кешегі әзіл-
сықақ тамашаны әңгімелеп келеді. Алдыңғы жақтағы
біреу екіншісінің құлағына:
– Жер хабар бермесін, марқұмның дәл бүгін өле
қағанын қарашы. Қазылған моласына жеткенше-ақ, мал-
мандай су болдық, – деп сыбырлады.
Мен шалыс естіген болармын деп өз-өзімді
жұбаттым. Әйтпесе, кезінде осы достарымның той-
томалақ, қызықтарында көмектесіп менен көп жүгірген
кім бар?!
Молаға да жеттік-ау деймін. Мені жерге түсірді.
Әлсіз, жеңіл денемді табыттан алып, біраз су толып
қалған шұңқырға абайлап қойысты.
Ұзыннан-ұзын жатқан күйімде маңайыма көз сал-
дым. О, тоба! Қабір деген осы емес пе?
Осы уақытқа дейін қабір жайлы қалай түк
ойланбағам? Достарым болса, тезірек көміп кетуге
асыққандай.