196
Тағылым таразысы
келе қоймаған кез. Есікті ашты. Жарықты қосты. Бірден
пештің есігіне жармасып, ішке дауыстады: – Бейсен!!!
Іштен ешқандай дауыс естілер емес. Бірнеше рет
тағы да айғайлады.
Бейсен болса жылай-жылай екі көзі бұлаудай бо-
лып, намаз оқып жатыр еді. Намазға беріліп, тұңғиықтап
кеткені сонша – тосыннан аты аталған кезде селк ете
қалды. Мүмкін емес! Құлағы шалыс естіген болу ке-
рек. Сірә, ой-қиялдың әсері шығар. Бірақ дауыс тағы
да естілді. Біреу «Бейсен!» деп шақыруын қояр емес.
Пештің ішіндегі жарық та іске қосылды. Намазын аяқтап
сәлем берген соң, пештің есігіне қарай жүрді. Пештің
есігінен үңіліп тұрған Шыңғысты көрді. Іштен шықты.
Өз көзіне өзі сенбеген Шыңғыс тұрған орнын-
да қатты да қалды. Әлі сілейіп тұр. Қатты қорыққан
Шыңғыстың тілі «Сен кімсің?» деуге ғана келді.
Бейсеннің Шыңғысты құшақтамақ болған қолдары
ауа қармап бос қалды. Бейсен әлі еңіреп тұр. Даусы жы-
ламсырап шықты: «Кімсің дегені несі? Көрмей тұрсың
ба, Бейсенмін ғой. Кеше кешкісін пешті тазаламақ бо-
лып ішке кірген едім. Біреу сыртымнан пештің есігін
жауып кетті», – деді.
Шыңғыс: «Мүмкін емес!» – деді Бейсеннен көз
алмаған күйі. «Сен Бейсен емессің!»
Бейсен алғашында Шыңғыстың бұл қылығына не
дерін білмеді. Күнде бірге жұмыс істейтін досының
өзін танымағаны несі?! Жүгіріп барып айнаға қарады.
Жо-жоқ! Мүмкін емес, мүмкін емес!!! Мынадай түр
мен мынадай шашты өзінікі деп қалай айта алады?!
Бүрісіп қалған қолдарын солып кеткен жүзі мен аппақ
қудай болған шаштарына апарды. Бір-ақ түнде қалай
қартайып кеткен! Өкіріп бетін басты... Айнаға қайтып