Previous Page  191 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 191 / 208 Next Page
Page Background

191

Таңдамалы әңгімелер

Көзге түртсе көргісіз қараңғыда қалған мен шарасыз

күйде: – Я, Аллаһ тағала! Бар ісімді, бүкіл пендешілік

қылықтарымды түзетерлік тағы бір мүмкіншілік берші!

– деп жалына бастадым.

Таныс бір үн тағы қайталанды:

– Болды, өтті, бәрі бітті!

Үстіме күрекпен лақтырылған топырақ дауысы күн

күркіріне ұласқандай. Ақырғы рет тыпырлап барып,

ышқынаояныпкеттім. Тұлабойымқара тергемалшынып,

қатты терлеппін. Өз үйімде, өз төсегімде тып-тыныш-ақ,

аман-есен жатыр екем. Тек қана көрші бөлмеде тұратын

дәрігер досым қасымда екен. Маңдайымды ұстап көріп:

– Болды. Бітті. Аман-есенсің. Еш ауруың жоқ, – деді.

Атып түрегелдім. Қатты терден төсегім де су бо-

лып кетіпті. Далада найзағай күркіреп, жаңбыр құйып

тұр екен. Өзімнің тірі екендігіме әбден көзім жеткен-

нен кейін: – Я, Аллаһ тағала! – дедім ішімнен, – маған

түзелу үшін тағы бір мүмкіндік бергенің үшін мың да

бір шүкір! Бұл мүмкіндікті енді жібермеспін!

Ажал алдындағы арпалыс

Бейсен – қала ішіндегі бір наубайхананың

жұмысшысы. Қызметін тиянақты әрі ұқыпты істейтін

ол қашанда өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап,

табысының адал болғанын қалайтын әрі қадағалайтын.

Зауыттан ең кеш шығатын да сол. Бұл зауыттың

наны басқаларға қарағанда арзандау болғандықтан,

ел негізінен осы зауыттың нанын сатып алуға құмар.

Зауыттағы нан салатын үлкен пештің іші ара-кідік таза-

ланып тұрушы еді. Оны да көбіне Бейсен атқаратын.

Айт мерекесінің соңғы күні. Ертесі күні нан

шығарылуы керек. Бейсен тазалық жасап қайту үшін