Previous Page  188 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 188 / 208 Next Page
Page Background

188

Тағылым таразысы

Көліктен түсер-түспес тасбақаларды тастап кеткен

жағыма көз салғанымда, екі тасбақаның арасында бір

құстың әрлі-берлі ұшып жүргенін байқадым. Алғашында

онша мән бермей, өлген тасбақалардың өлексесіне кеп

жүрген болар деп ойладым да қойдым.

Бірақ жақындап келіп қарағанымда, о, тоба, өз

көзіме өзім сенбедім.

Жаңағы құс ең жақын жүзімдерден бір-бірлеп тістеп

әкеліп, аударылып жатқан тасбақаларды қоректендіріп

жүр екен.

Иә, тасбақалар өле қоймапты. Жатқан жерлерінде

құс арқылы қоректеніпті.

Құстың екі тасбақаны өлтірмей қоректендіргенін

ұғып, Аллаһ тағаланың құдіретіне таңғалдым.

Қуанғанымнан қастарына жүгіріп барып, екеуін де

түзеттім. Құс менен қорқып ұшып кетті де, тасбақалар

болса, бастарын қабықтарына тыға қойды.

Ақырын аяңдап шөптің арасына кіріп бара жатқан

тасбақаларға қарап ой құшағында тұрғанымда, балам

жеңімнен тартты:

– Әке, сіз маған тасбақалардың кімдікі екенін әлі

айтпадыңыз ғой?

Мен баламның басынан сипадым:

– Ешқандай күмәнің болмасын, қалқам, олар да

Аллаһтікі...

Мүмкіндік

Кішкене кезімнен тар жерлерді, тар орындарды аса

ұнатпаушы едім. Тар көшеге тап бола қалсам, өз-өзімнен

қысылып, тезірек өтіп кетуге асығатынмын. Ауа жетпей

қалатындай болып тыжырынатын сол тар орынға бүгін

еріксіз кіруге мәжбүр болып отырмын.