Previous Page  185 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 185 / 208 Next Page
Page Background

185

Таңдамалы әңгімелер

«Ағалық»

Тұрмысы нашар оқушыларға қол ұшын беру

мақсатында бір жатақхана тұрғызсақ деген оймен біраз

жолдастарыммен ақылдасып, құрылыс орнын ыңғайлы

жерден бастамақ болдық. Өзім бұл іске мұрындық

болып басы-қасында жүгіріп жүргендіктен, қаржы

тапшылығына байланысты қалтасы қалың бизнесмен

ағама жолығуға тура келді. Ол кісі жиын-тойларда,

былайғы күндері кездесіп қалғанда үнемі елді жақтап

сөйлейтін.

Ақша қажеттігін естігенде, «Жұмыс орныма

келсейші, көрерміз», – деді.

«Кел» дегенін көңілге медеу тұтып, хатшысынан

рұқсат алып, бөлмесіне еркін кірдім. Мән-жайды толық

баяндап болғанымда, қалтасына қолын салып, он мың

теңге шығарып: – Мә, біздің де қосқан үлесіміз болсын,

– деді.

Берген болар-болмас ақшасын не аларымды, не

алмасымды білмей тұрып қалған мен таңданғанымды

сонда да білдірмей: – Мынауыңыз тым ұяттау екен. Мен

сізді тым құрығанда елу мың берер деп ойлаған едім, –

дедім.

Ағамның қабағын шытыныңқырап: – Әзірше осы-

ны ала тұрсаңдаршы. Жақында 200 гектар жерімнің

өнімін жинатпақпын. Оған да ақша керек. Егер осы

жердің өнімін алып бітсем, сендерге елу мың берейін.

Тұрғызып жатқан жерді менің атыммен атасаңдар, бұл

ақшаны тағы кішкене көбейтуге болады, – деді арқамнан

қағып, есіктен шығарып салып жатып.

Оған да шүкір деп, қол алысып қоштасуға тура

келді. Шама-шарқымызша құрылыс жұмыстарын ба-

стап та кеттік. Алайда құрылыс барысында қаржы жағы