Previous Page  182 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 208 Next Page
Page Background

182

Тағылым таразысы

барлық ауруымнан да құлан-таза айығыппын. Мен

өмірге қайта келгендей едім».

Жүсіп басынан өткен осы оқиғаны әңгімелеп оты-

рып, селкілдеп қатты жылады:

– Көкірегі ояу, көзі ашық қартым-ай, – деді әлден

уақытта күрсініп, – менің басыма келетін осындай

қиын істі күні бұрын сезген екен ғой. Маған тиесілі

өрік-мейізді әкелткізгеніне қарағанда, оларды менен

садақа ретінде қабылдаған екен. Сірә, «Садақа өмірді

ұзартады» деген хадис ұғымымен жасаған сияқты. Сол

үшін тек маған тиесілі мейіздерді ғана қалап, сауабын

маған бағыштап отырыпты...

Жалғыздық

Кәрі әже қонақтарына айран құйып беріп жатып: –

Сендер де келмесеңдер, мен байғұстың есігі қағылмайды

екен-ау. Түу, менің көңілімді бір көтеріп тастадыңдар,

– деді іштегі қуанышын жасыра алмай.

Күйеуі әлдеқашан қайтыс болған қарт ана өзі

секілді тозығы жетіп құлауға шақ қалған, екі бөлмелі

жер үйде болмашы зейнетақымен күнелтетін. Әйтеуір

Құдай берекетін бергенде, қаусаған кәрілік пен қатар

келген жалғыздық қабырғасына бататындығы болмаса,

ай сайын зарығып барып қол жеткізетін бұл аз ғана ақша

өзінің ішіп-жеуіне жететін.

Қарама-қарсы көшедегі дүкеннің сатушысы күнара

терезені тықылдатып, сұраған нәрселерін жеткізіп тұрса

да, қарт байғұс дүкен иесінен жасқанатындықтан, оны-

мен отырып анда-санда әңгімелесіп, шер тарқатуға да

батылы бармайтын. Ондайда кемпір байғұс еленбей тез

ұмытылғандығына іштей қатты күйініп, өзіне жиі келіп