178
Тағылым таразысы
Жараланғандарға қолымнан келгенше ем жасағаннан
кейін әлгі баланың қасына барып, оны ақырын сөзге тарт-
тым. Ол менің бар айтқанымды түсінгенімен жауап бере
алатын күйде емес еді. Өмірінің соңғы сәттері екендігін
сезгендіктен, іштей қайғырып, жалғыз тастауға дәтім
бармады. Мен оған қарап жатқанда, жедел жәрдем көлігі
де босап, жаралалылар керекті ауруханаларға жеткізілді.
Баланың жағдайы тіптен нашарлады. Ол менің қолымды
қатты қысқан күйі «кетпе» дегендей көзінен жас парлап
жатты. Мен еңкейіп оның бетінен сүйдім.
– Қорықпа, сені жалғыз тастамаймын, бір мәнісі бо-
лар, – деп оны жұбатқан сайын бұрын-соңды көрмеген,
маған бейтаныс бұл балаға ерекше бір жақындық
сезіндім, оның қиналғанына өзім де одан бетер
қиналғандай күй кештім. Миы зақымданғандықтан әрі
ең қиын сәтте жақындары болмай, жалғыз қалғандықтан,
бала қатты қиналумен болды. Онымен тағы қанша уақыт
бірге отырғандығым есімде жоқ, бірақ ол бұл дүниемен
әлдеқашан қош айтысқан болатын. Мен сонда да жас ба-
ланы өлімге қимай, әлі келе қоймаған хирург тез жетсе
екен деп қатты тілдедім. Сол арада бала жаныүзіліп кетті.
Сөйткенше хирург та келді. Маған ол баланың бетіне
жапқан матаны алуымды сұрады. Матаны алғанымда,
келген дәрігер бір ауыз тілге келместен буын-буынынан
әл кетіп сылқ етіпжерге құлады. Не болғанын түсінбедім.
Үлкен қонақасыдан келген еді, арақ-шарап ішіп қойды
ма екен, жоқ әлде, жүрек талмасы ұстап қалды ма екен
деп ойлап тұрғанымда, басқа дәрігерлер мәселенің мән-
жайын ұғып та үлгеріпті. Келген хирург жаңа ғана ми
жарақатынан қинала жан тапсырған баланың әкесі екен!
Өкінішке қарай, өз қызметіне салғырт қарағандықтан, өз