Previous Page  194 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 194 / 208 Next Page
Page Background

194

Тағылым таразысы

қабырғаларды ұстап көрді. Жо-ға, денесінің ысығаны

болмаса пеш әлі суық екен.

Біраз ес жиды. Үйін ойлады. Әйелі есіне түсті.

Әйелі мен баласы елегізіп, уайымдай бастаған болуы

керек. Үйден шығып бара жатып, неге ғана шеке-басы

тырысып әйеліне ұрысты екен?! Өмірлік жолдасын сый-

лап, кішкене сыпайылау боп жүрсе қайтер еді?! Баласы

ше? Оны да ұрғаны жөн болмады... О дүниеге барғанда

олар үшін де Аллаһ алдында өзі жауап береді емес пе?!

Шіркін, ана бір жылдары әйелінің айтқанын тыңдай

салуы керек еді. Әйелі оған: «Келсейші, екеуміз на-

мазды бірге бастайық», – деген еді. Бейсен оған: «Біраз

қартаяйық та», – деп, кейін бүкіл бір өмірдің емес

қарттықтың ғана есебін беретіндей қиқарланып жүре

жауап қатқан.

Пеш тазалауға келе жатып неге мешітке бас

сұқпады?! Азаншы жүрек түкпірінен шыққан әуезді дау-

сымен жұртты түнгі намазға шақырып, Аллаһ тағаланың

ұлылығына бас июге, құлшылық етуге шақырып жатпап

па еді?! Тіпті болмағанда өлер алдындағы соңғы нама-

зын оқып кетер еді. Мүмкін сол соңғы намазын Аллаһ

қабыл алып, басқа намаздарының есебін кешер ме еді?!

«Қап, қап, ақымақ басым-ай!» деп басын төмпештеді.

Әйтпесе, намаз оқыған адам қандайжақсы десейші?!

Қай намазын оқыса да, оның соңғы оқыған намазы бо-

лып есептелмей ме? Құдайдың алдына маңдайы сәждеге

тиіп барады ғой?! Бірақ қанша қалағанмен бір бітпейтін

күйбең тіршілік оған жар бермеген-ді. Ал баласы ше?

Баласы жеті жаста. Баласының тамағы мен киіміне

қанша мән беріп шаң жуытпағанымен оның теледи-

дардан небір сойқандар мен арсыздықтарды көргеніне