Previous Page  170 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 170 / 208 Next Page
Page Background

170

Тағылым таразысы

Әлдекімге жағыну да ниетімде болған емес. Ешқашан

дүние көздеп пәтуа берген емеспін. Төрелік етсем, тек

Аллаһ разылығы үшін төрелік еттім, – деді.

Уа, раббым!

Бәкір әл-Абид әңгімелеуде:

«Әбу Ханифаның түнде намаз оқыған сәтіне көп

куә болдым. Намаз оқып тұрғанда өз-өзін ұстай алмай

қос иығы селкілдеп жылайтын. Соңында қол жайып:

«Уа, Раббым! Құлдарыңды қайта тірілткен күні маған

мейірімділік қыла гөр! Ақырет күнгі азабыңнан қорғап,

күнәларымды кешіре гөр!» – деп жалбарынатын».