167
Имам ағзам Әбу Ханифа
себебі, қалаға келген қонақтардың көзі алдымен менің
үйіме түсіп, соларды өзіме қонақ ету еді. Жолаушыны
тойдырып, Жұмаққа бір табан жақындай түсуді ниет
еттім, – деп жауап берген екен.
Біреуі көріпті
Әбу
Ханифа
заманында
шық
бермес
шығайбайшылдығымен елге танылған бір адам бар еді.
Ол кісі қазынасын ауыл сыртына көмеді. Бір күні тыққан
жеріне барса, әлдекімдер қазынаны алып кетіпті. Сараң
қара аспанды төндіріп, жұртты шулатады. Ұрыны тап-
пай қоймауға бекініп, ақыл сұрап Имам Ағзамға келеді.
Имам Ағзам қазынаны тыққан жерге ертіп апаруын
сұрайды. Имам ол жерге кімнің келіп-кететінін білмек
еді. Ертеңінде қазына көмілген маңайдан бір топ адам
саңырауқұлақ теріп жүр екен. Жандарына барып жөн
сұрасады. Сөздеріне қарағанда бұлар күнде келеді екен.
Бірақ араларынан біреуі жұрт қайтқанда, қалып қоятын
көрінеді. Имам оны жеке шақырып алып былай дейді:
– Дәл осы жерге қазына жасырылған еді. Сол
қазынаны сенің қазып алғаныңдыбіреу көріпті, куәгерлік
етуде. Жұмсағаның жұмсаған, қалғанын қайтар, – дейді.
Ұры қалғанын қайтарып береді.
Имам «біреу көріпті» дегенімен, негізінде
адамдардың ешқайсысы оны көрмеген еді. Бірақ имам
үнемі бәрін көріп тұратын Аллаһты меңзеген болатын.
Білмеуші ме ең?
Өзіне қимай ылғи жыртық-жамау киім киіп жүретін
бір байға Әбу Ханифа ақша бермекші болады. Ол бұған
мұқтаж емес екенін айтып алмайды.