Previous Page  169 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 208 Next Page
Page Background

169

Имам ағзам Әбу Ханифа

– Қиналып жүрсең, ол қарызды қайтармай-ақ қой.

Cондай жайсыздық туғызғаным үшін қайта сен мені

кешір, – дейді кеңпейілділік танытып.

Ақиқатты айтқаныма ақы дәметпеймін

Аббаситтер халифасы Мансұр мен әйелі арасын-

да дау туады. Халифа тоқал алмақшы, бірақ әйелі оған

наразы екен. Екеуі ренжісіп біраз жерге барып қалады.

Ақырында Әбу Ханифаға келіп жүгінеді. Әбу Ханифа:

– Жұбайларын алаламаған, балаларына әділ

болған жағдайда ғана ер кісіге төрт әйелге дейін алу-

ына рұқсат етілген. Әділетті бола алмайтындарға

бір әйелмен шектелуі әмір етіледі. Аллаһ тағаланың

«Егер жетімдердің ақысына құрмет көрсете алмау-

дан қорықсаңдар, ұнатқан әйелдердің екеуін, үшеуін,

төртеуін алыңдар. Әділетсіздік жасаудан қорықсаңдар,

біреу алыңдар. Сонымен жарастықта өмір сүріңдер. Бұл

анық әділетті жол»

37

деген аяты бар. Бізге Аллаһтың

әмірін орындау ғана жарасады. Аллаһ тағала бұл жерде

бізге әдеп сабағын беріп, «бір әйел алып, сонымен өмір

сүріңдер» деп айтуда, – деп түсіндіреді.

Мансұр ғалымның айтпағын түсініп, амалсыздан

үйіне қайтады.

Ертеңінде халифаның сарайынан Әбу Ханифаға

бір қызметші келеді. Жетегінде қазына артқан түйе

мен жал-құйрығы төгілген жорға бар екен. Бұл имамға

разылығын білдіріп халифа әйелінің жіберген сыйлығы

екен. Имам қызметшіге сыйлықты алмайтынын айтып:

– Оған сәлем айт, мен діни міндетімді ғана

атқардым. Ақиқатты айтқаным үшін ақы дәметпеймін.

37

«Ниса» сүресі, 3-аят