168
Тағылым таразысы
– Ендеше, – дейді имам, – өзің барып дұрыс киім са-
тып ал. Жақындарың сенімен бірге жүргенде ұялмайтын
болсын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Аллаһ құлынан
Өзі берген нығметтерін көргісі келеді» деген хадисін
білмеуші ме едің?!
Анамның өтініші
Шешесі бірде Әбу Ханифаға өтініш жасап, бір
мәселенің жауабын ғалым Омар ибн Зәррден сұрап
келші деп жұмсайды. Айтқан кісісі алты шақырымдай
алыста тұратын. Әбу Ханифа анасының айтқанын екі
етпестен дереу әлгі кісіге барады. Шешесінің өтінішін
жеткізеді. Алайда ғалым ол жауапты білмейтіндігін ай-
тып, жауабын Әбу Ханифаның өзінен сұрайды. Әбу Ха-
нифа ол жауапты білетін еді, айтып берді. Таңырқаған
Омар ибн Зәрр: «Өзің де біледі екенсің, маған несіне
келіп әуре болдың?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа:
«Шешемнің аузынан шыққан өтінішін орындау – менің
міндетім», – деп жауап берген екен.
Кеңпейілділік
Имам Ағзам жұртқа жомарттығымен танылған жан
еді. Бір күні көшеде келе жатса, бір танысы оны көре
салысымен анадай жерден теріс айналып кетеді. Имам
«Бұнысы несі екен?» деп ойлайды. Абайсызда ренжітіп
алдым ба екен деп уайымдайды.
Ертеңіне барып жолығады. Сөйтсе, ол бұрын өзінен
он мың дирхам қарыз алған екен. Келісілген уақыт
әлдеқашан өтіп кетсе де, әлі төлемегенін, сол үшін
амандасуға ұялғанын айтады. Сонда Әбу Ханифа: