Previous Page  163 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 163 / 208 Next Page
Page Background

163

Имам ағзам Әбу Ханифа

Күнәларым кедергі келтіреді

Әбу Ханифа бір мәселенің шешімін таба алмай

қиналғанда жанындағыларға:

– Сірә, күнәларымның көптігінен басыма осындай

іс түсіп тұр-ау, – деп, екі рәкәт намаз оқып, Аллаһтан

кешірім тілеуші еді. Содан кейін жаңағы шаруасы оп-

оңай шешілетін.

Терең тәуекел

Әбу Ханифаның ұлы Хаммад әңгімелеуде:

«Бір күні әкем мешітте отыр еді. Кенеттен аяқ

жағынан оқтаудай сұр жылан шыға келді. Өрмелеп

әкемнің қойнына кіріп бара жатты. Әкем әуелгі қалпын

бұзбастан «Бізге Аллаһтың жазғанынан басқасы болмай-

ды. Ол біздің Жаратушымыз...»

36

деген аятты оқыды да,

еш қорықпастан жалаң қолымен жыланды алып сыртқа

лақтырып жіберді.»

«Кемтар» қалыңдық

Имам Ағзам Әбу Ханифаның әкесі Сәбит жас

кезінде өзеннің жағасында дәрет алып жатып, суда

ағып келе жатқан алманы көреді. Қызығып кетіп алма-

ны алып бір тістегені сол еді, түкірігіне қан араласқанын

көріп ойланып тұрып қалады. Ешкімнің ала жібін аттап

көрмеген тақуа жігіт: «Бұл, сірә, кісі дүниесін рұқсатсыз

аузына салғаным үшін болса керек», – деп, қатты

өкінеді. Ақырында алма иесін тауып, кешірім сұрауды

жөн көреді. Осы оймен өзен бойын өрлеп жүріп келе жа-

тып, бір алма бағын кезіктіреді. Жас Сәбит бақша иесіне

барып мән-жайды айтып кешірім сұрайды. Қожайыны

36

«Тәубе» сүресі, 51-аят