Previous Page  161 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 208 Next Page
Page Background

161

Имам ағзам Әбу Ханифа

(а.с.) бұл екеуінен де үлкен күнә жасаған қауым үшін

былай деген: «Маған бағынғандар – менен. Маған қарсы

келгендерге Сен өте Кешірімді әрі Рақымдысың...»

34

.

Хазірет Иса (а.с.) да «Я, Раббым, егер Сен оларды

азаптасаң, олар Сенің құлдарың. Егер кешірсең, Сен

Ұлысың әрі Хакімсің»

35

демеп пе еді. Ибраһим (а.с.) мен

Иса (а.с.) да дұшпандарының кешірілуін қалағанда, сен-

дерге не жоқ? – дейді.

Харижиттер қате түсінікке барғандарын сол мезет

түсініп, келген ізімен кері қайтады.

Шынайы жауап

Бір рафизи Имам Ағзамға келіп былай деп

сұрайды:

– Адамдардың ең күштісі кім?

– Біз үшін хазірет Али (р.а.), сендер үшін хазірет

Әбу Бәкір (р.а.).

– Қалайша?

– Себебі хазірет Али халифалықтың Әбу Бәкір

сыддықта болу керектігін білді. Мойындап, соған табы-

стады. Ал сендер үшін Әбу Бәкір сыддық хазірет Али-

ден халифалықты тартып алды. Бірақ хазірет Али оған

ешқандай шара қолданбады.

Ұлымның үйренгенін аз деме

Ұлы Хаммад «Фатиха» сүресін үйренгенде, Имам

Ағзам ұстазына бес жүз күміс ақша жібереді. Ұстазы

бұған таң қалып:

34

«Ибраһим» сүресі, 36-аят

35

«Мәида» сүресі, 118-аят