Previous Page  162 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 208 Next Page
Page Background

162

Тағылым таразысы

– Мұншалықты ақша алатындай мен не істедім?

– дегенде, – Ұлымның үйренгенін аз деме. Аллаһқа

ант етейін, егер тағы да ақшам болса, Құранға құрмет

ретінде ойланбастан саған жіберер едім, – дейді.

Тауыс құсы

Әбу Ханифа заманында біреудің тауыс құсы

жоғалады. Құс иесі ұрыны таба алмай дал болып, Әбу

Ханифаға келеді. Әбу Ханифа мән-жайға қаныққан

соң, бұл туралы ешкімге айтпауды бұйырады. Сосын

ертеңінде таң намазына жұрт мешітке жиналғанда

мінберге шығып:

– Әй, тауыс құсын ұрлаған адам, ең құрығанда

мешітке келеріңде, басыңа жабысып қалған қауырсынды

қақпадың ба? – дейді. Осы кезде көпшілік ішінен бір адам

жалма-жан басын сілкілей бастайды. Жұрт тарағаннан

кейін имам әлгі адамды жеке шақырып алып құсты

иесіне қайтаруын бұйырады.

Ғибадат үшін ілім керек

Бір күні Әбу Ханифа таң намазынан кейін көптеген

мәселелерге пәтуа береді. Көпшіліктің ішінде отырған

біреу имамның бұнысын аса жақтырмай:

– Уа, имам, таң мезгілінде одан да Аллаһты зікір

еткеніміз дұрысырақ емес пе еді? – дейді. Сонда имам

оған:

– Әр нәрсенің адал, арамын білдіруден артық іс

бар ма? Жолға азық алмай шыққан адам қанша жүреді,

әйтеуір бір ашықпай ма? Сондықтан құлшылық үшін де

адам ілімін арттырып отыруы керек, – деп түсіндіреді.