Previous Page  159 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 208 Next Page
Page Background

159

Имам ағзам Әбу Ханифа

– Бұл жерде мәселені бөліп қарастыру керек. Егер

жумайтынын айтқаннан кейін жуып қойған болса, ақша

алуға құқы жоқ. Себебі келісімі жалған болғандықтан,

киімді өзі үшін жуған болады. Ал келіспей тұрып жуса,

ақы талап етуге құқылы, – деп жауап береді.

Ұрланған малдың етін жеу – харам

Әбу Ханифа заманында Куфада әлдекімнің бір қойы

жоғалады. Осыны естіген имам жеті жыл бойы қой етін

ауызға алмайды. Себебін сұрағандарға:

– Ұрланған қойдың етін жеу харам болғандықтан,

абайсызда сол еттен жеп қойып жүрмейін дедім. Бір

қойдың орташа өмірін есептетуім сондықтан, – деп жа-

уап береді. Бұл уақытта имам балық та жемеген екен,

өйткені біреулердің бір қойды сойып, етін алып, ішек-

қарынын өзенге ағызып жібергенін көрген деседі.

Сары май, пісте мен бадам

Әбу Юсуф әңгімелеуде:

Әкем дүние салғанда мен әлі бала едім. Өнер

үйренсін деп шешем мені әуелі тігіншіге ертіп барды.

Мен ол жерді ұнатпай, Имам Ағзамға келдім. Шешем

бұған қарсы болып, ұстазыма жолықты. Имам оған:

– Балаңды басқа жаққа әурелеме. Бұл жерде ол

сары май, пісте мен бадам жеуді үйренеді, – деді. Сол

жолы шешем мені имамға біржолата тапсырды. Бірақ

дәрістерге қатысып жүріп, сары май, пісте мен бадамды

түсінбедім. Арада көп жылдар өтті. Күндердің күнінде

маған төрелік ету міндеті берілді. Аббаситтер халифасы

Харун Рашидтың дастарханында отыр едім, табаққа май,

пісте мен бадам алып келді. Халифа маған қарап: «Мы-

наларды жеп ал, саған күнде бұйыра бермес», – деді.