Previous Page  154 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 208 Next Page
Page Background

154

Тағылым таразысы

Сүрені имамның оқуы

Бірде Әбу Ханифаға бір топ адам келіп, «намаз-

да сүрелерді тек имамның оқығаны жеткілікті» деген

пәтуаға келіспейтіндіктерін білдіреді. Бірақ біреуі неге

ондай пәтуа бергенінің себебін сұраса, енді бірі имам-

ды айыптап мәжілісті азан-қазан қылады. Шулаған

көпшілікке имам байсалды үнмен:

– Мен қайсыңның сөзіне жауап беріп, қайсыңмен

сөйлесемін?! Араларыңнан біреуің шығып маған бәрін

түсіндіріп айтсын, – дейді. Жұрт тынышталып, арала-

рынан бір уәкіл сайлайды. Имам көпшілікке дауыстап:

– Мен мына кісіні тыңдасам, сендермен сөйлескен

боламын ба? Бұған ешкім қарсы емес пе? – дейді. Жұрт

бірауыздан:

– Иә, біздің атымыздан сол сөйлейді, – дейді. Сон-

да имам:

– Көрдіңдер ғой, сендердің араларыңнан бір адам

өкіл болып менімен сөйлескелі тұр. Біз де намазда

дәл осылай жамағаттың атынан имамды өкіл етеміз.

Имамның оқығаны бәріміздің оқығанымыздай болады, –

деп дәлелінің қаншалықты қисынды екенін көрсетеді.

Шайтаннан айла асыру

Бір адам әлдебір жерге біраз қазына тығып қояды.

Бірақ уақыт өте келе көмген жерін ұмытып қалады.

Шарасы таусылып Имам Ағзамға келіп ақыл сұрайды.

Имам Ағзам мұның фиқһ іліміне қатысы жоқ екенін,

бірақ қолынан келгенінше көмектесетінін айтады.

Сосын «Үйіңе барып таңға дейін намаз оқы, қайда

тыққаныңды есіңе түсіруге тырыс», – дейді. Ертеңінде

әлгі кісі қуанышы қойнына сыймай имамға келеді.