Previous Page  151 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 208 Next Page
Page Background

151

Имам ағзам Әбу Ханифа

ғана ғибадатқа арнаушы еді. Балалардың сөзін естігенде,

көңілі босап:

– Раббым, бұл сөзді балалардың аузына салған

Сенсің. Олар періштедей сәби ғой. Ант етейін, енді

өмірімнің соңына дейін түндерімді толықтай Саған

құлшылыққа арнаймын! – дейді.

Осыдан бастап қырық жыл бойы құптан намазының

дәретімен таң намазын оқыған деседі.

Әзілге әзіл

Әбу Ханифаның Мұхаммед және Әбу Юсуф деген

екі шәкірті бар еді. Екеуі де бойшаң болатын. Әбу Ха-

нифа олармен қатар жүргенде бой жағынан әжептеуір

кіші көрінетін. Бір күні үшеуі серуендеп жүргенде,

Мұхаммед ұстазына бұрылып:

– Ұстаз, дәл қазір сіз «Ләна» деген қатар тұрған үш

әріптің (арабша «біз» деген сөз) ортадағы «Нун»-ы (н)

сияқтысыз, – дейді әзілдеп оның бойының аласалығын

меңзеп.

– Егер ортада мен тұрмасам, сендер «Лә» («жоқ»

деген сөз) болар едіңдер, – дейді сонда Әбу Ханифа да

аяқ астынан сөз тауып.

Не істер едіңіз?

Бірде Имам Ағзамның шәкірттерінің бірі Абдуллаһ

ибн Мүбәракқа: – Егер Аллаһ тағала бүгін түнгі намаз-

дан кейін өлетініңізді білдірсе, сол уақытқа дейін не

істер едіңіз? – деп сұрақ қойылғанда, ол ойланбастан:

– Іліммен шұғылданар едім, – деп жауап берген

екен.