156
Тағылым таразысы
жасау мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана
орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба
деп өкініп келемін», – деп жауап беріпті.
Кейіннен әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті
болған деседі...
Зер қадірін зергер білер
Бұл оқиға ӘбуЮсуфтың тым жас кезінде болған еді.
Білім алуды бастаған уақыттың бір күнінде Әбу Юсуф
моншаға барады. Моншадан шығып бара жатқанда,
монша иесі одан ақы сұрайды. Берерге ақшасы жоқ
Әбу Юсуф өзінің ілім ізденуші жас шәкірт екенін ай-
тып кешірім сұрайды. Бірақ монша иесі оған көнбейді.
Ақырында, Әбу Юсуфтан кепілдікке кітаптарын алып
қалады. Шәкірт үйіне өте көңілсіз оралады. Бірнеше
күн бойы ұстазына бармай, үйінде бүк түсіп жатып ала-
ды. Шәкіртінің көрінбей қалғанына алаңдаған ұстазы
Әбу Юсуфты өзі іздеп барады. Бала болған жағдайды
баяндап: «Бұл елде білімді бағалап жатқан ешкім жоқ,
жұрттың білетіні ақша ғана», – деп мұңаяды. Әбу Хани-
фа шәкіртін өзінің дүкеніне ертіп барады. Шәкіртін есік
алдына қалдырып, өзі ішке еніп етеді. Аз уақыттан кейін
қолына үлкен гауһар тас ұстап шығады. Тасты шәкіртіне
беріп тұрып:
– Мынаны алдағы кенші мен темір ұстасына апар.
Бағасын сұра, – деп тапсырады. Сәлден кейін шәкірт
қайтып оралады. Темір ұстасының да, кеншінің де тасқа
мән беріп назар салмағанын, қарағанның өзінде аз ақшаға
бағалағанына ұнжырғасы түседі. Ғалым енді шәкіртін
зергерге жұмсайды. Зергер тасқа қатты қызығады.
Қанша сұраса да сатып алатынын жеткізеді. Бала шәкірт