152
Тағылым таразысы
Адалдық
Бір жолы бір әйел сату үшін Әбу Ханифаға жібек
киім әкелді. Әбу Ханифа бағасын сұрады. Әйел оның
жүз дирхам тұратынын айтты. Әбу Ханифаның «Жоқ,
бұл одан қымбат тұрады» – дегенде, әлгі әйел:
– Мені мазақтап тұрған жоқсыз ба? – деді.
– Жоқ, шындығы сол. Сенбесеңіз, біреуді шақырып
бағасын сұраңыз, – деді. Әйел жөн білетін біреуді
шақырып, матаның қанша тұратынын сұрап білді.
Сөйтіп, өмірі ешкімнің аңғалдығын пайдаланбаған
Әбу Ханифа матаны жүз емес бес жүз дирхамға сатып
алады.
Кісі тану
Имам Ағзам мешітте отырғанда, бір адам кіреді.
Кіреді де:
– Менің бір сұрағым бар, жауап бер, – дейді. Сосын
имамды күтпей өзі сөйлеп кетеді:
– Жұмақты қаламаймын, ал тозақтан қорықпаймын,
көрмегеніме куәлік етемін, өлі ет жеймін, рүкүғсыз,
сәждесіз намаз оқимын, бүлікті ұнатамын. Осыған
пәтуаңды айт. Имамның жанындағы шәкірттері бұған
қатты ашуланады. Бірақ имам оларға:
– Бұл тегін адам емес, ғұлама болса керек, өте дана
сөз айтты. Бұл адамның «Мен жұмақты қаламаймын»
дегені ғибадатын жұмақ үшін жасамайтынын, тек қана
Аллаһ разылығы үшін жасайтынын білдіргені. «Тозақтан
қорықпаймын» деуі – ол да Аллаһтың еркіндегі нәрсе
ғой дегені. Көрмегеніне куәлік беруі – оның Аллаһ пен
ақырғы Пайғамбарын (с.а.с.) көрмесе де иман еткені.
«Өлексе жеймін» деп ол балықпен қоректенетінін айтып
отыр. Рүкүғсыз, сәждесіз намаз оқуы – Құранда «Олар