Previous Page  147 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 208 Next Page
Page Background

147

Имам ағзам Әбу Ханифа

– Ендеше, май осы сүттің нақты қай жерінде екені

айта аласың ба?

– Ол барлық жерінде бар, нақты бір жерінде деу

қиын.

Әбу Ханифа сонда: – Сүт пен майдың бір-біріне

қатысы осылай бола тұра, ғалам мен соны жаратқан Ұлы

Жаратушының ара қатынасын да неге осы қисынға са-

лып түсінбеске?! – дейді.

Дәхридың аузына тағы да құм құйылады.

– Құдайды бар дейік, ал сонда Ол қазір не істеп

жатыр? – дейді мәжуси шарасы таусылып.

Имам Ағзам: – Мен барлық сұрақтарыңа төменде

тұрып жауап бердім. Мінбеден түс. Соңғы жауапты сол

жерден айтайын, – дейді.

Дәхриді жерге түсіргеннен кейін өзі мінберге

көтерілген имам:

– Аллаһ тағала дәл қазір сен сияқты имансызды

төмен түсіріп, мен сияқты мүминді биікке шығарды, –

дейді.

Басқа айтары қалмаған Дәхри дереу қарасын баты-

рады.

Жұмбақ сұрақтың жауабы

Бірде Имам Ағзам Әбу Ханифаға ибалы бір

мұсылман әйел келеді. Келеді де үндемей ғана қолына

ұстаған бір жағы сарғыш, бір жағы қызыл алманы әуелі

қызыл жағын, кейін сары жағын көрсетіп, хазіреттің ал-

дына қояды. Бұл оның жұмбақтап қойған сұрағы еді.

Бір қызығы, имам да ләм-мим деместен, алманы жай-

лап қана бәкісімен екіге бөліп, ішін әйелге көрсетеді де

қайтарып береді. Бұл имамның берген жауабы еді. Әйел

кеткеннен кейін сол жерде отырған ғалымдар: