142
Тағылым таразысы
Екі уыс құрма
Әбу Сәләма (р.а.) әңгімелеуде:
«БірдеРасулаллаһ(с.а.с.)сахабаларына:«Әскерлерді
майданға жібергелі жатырмын. Аллаһ жолында көмек
жасап, садақа беріңдер», – деді.
Бұл үндеуді ести сала Абдуррахман ибн Ауф: «Уа,
Расулаллаһ! Төрт мың дирхам ақшам бар. Екі мыңын
садақаға әкелдім, қалған екі мыңын бала-шағама
қалдырдым», – деді. Пайғамбарымыз оған: «Аллаһ тағала
сенің берген ақшаңды да, бала-шағаңа қалдырғаныңды
да берекелі етсін», – деп дұға етті.
Сол күні кешкісін тағы бір сахаба: «Уа, Расулаллаһ!
Біреуге жалданып жұмыс істеп, ақысына екі уыс құрма
алдым. Оның жартысын Аллаһ жолына, жартысын бала-
шағама берейін», – деді. Бұны естігенде мұнафықтар:
«Аллаһ пен елшісі бір уыс құрмаға қарап қап па?!» – деп
мысқылдады.
Сонда Хақ тағала: «Мүміндердің арасында садақа
беруге ынталы болғандарды әрі маңдай терін төгіп әрең
тапқанын бергендерді тәлкектегендерді Аллаһ мазаққа
ұшыратады. Әрі олар үшін жан түршігерлік азап бар»
33
деген аятты түсірді.
Сұраққа жауап
Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейде жұрт ұйқыға кетті-
ау дегенде, Қағбаға барып намаз оқитын, дұға ететін.
Қағбаның Хаттабұлы Омар (р.а.) үшін де орны бөлек
еді. Ол да кейде кешке қарай Қағбаға келіп пұттарын
сүртіп, олармен «тілдесетін». Анда-санда сонда қонып
та қалушы еді.
33
«Тәубе» сүресі, 79-аят