140
Тағылым таразысы
Аят түсті
Бір күні Әмір ибн Рабианың үйіне бір бәдәуи
келді. Келген қонақты Әмір жақсылап күтті. Әмірдің
қалтқысыз көңілден пейіл білдіргеніне риза болған
бәдәуи Пайғамбарымыздан (с.а.с.) Әмірге көмек беруін
сұрайды. Кейін ол Әмірге арнайы соғып: «Аллаһ
елшісінен маған өте құнарлы жер беруін сұрадым.
Пайғамбарымыз берді, алайда мен ол жердің бір
пұшпағын саған бергім келеді. Өзің мен отбасыңның
игілігіне жаратарсың», – деді. Сол кезде Әмір бәдәуиге:
«Маған жер қажет емес, өйткені бүгін бізге дүниенің
соңына түсіп кетпеуді ескертетін «Адам баласының
есеп беретін кезі таяп қалды. Алайда олар қаперсіз һәм
ақиқаттан теріс айналуда» деген аят түсті», – дейді
32
.
Аллаһ мәңгілік
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғанда, халық
қатты қайғырды. Мұнафықтар дереу «Мұхаммед анық
пайғамбар болса неге өледі?» деген қауесет сөз тарат-
ты. Мұны естігенде ашуланған Омар (р.а.) елді жинап,
қылышын қынабынан суырып алып: «Мұхаммед өлген
жоқ. Кім оны өлді десе, сол адамның басын шабамын!»
– деді. Халық абдырап қалды. Хазірет Омардың бұл то-
сын әрекетін Әбу Бәкір (р.а.) ғана ақылмен басты. Әбу
Бәкір (р.а.) халықтың алдына шығып:
– Әкем мен шешем сенің жолыңда құрбан болсын,
уа, сүйікті Пайғамбарым. Өмірің тым сұлу еді. Өлімің
де сондай болды. Естеріңде болсын, кім Мұхаммедке
табынып келсе, анығында ол өлді. Енді келмейді. Ал кім
32
«Әнбия» сүресі, 1-аят