Previous Page  143 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 208 Next Page
Page Background

143

Аят түсуіне себеп болған түрлі оқиғалар

Бір күні түнделетіп Пайғамбарымыз (с.а.с.)

Қағбаға келеді. Бір бұрышта Омар да отырған еді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) дауыстап Құран оқи бастайды.

Омар тыңдап отыра береді. Көңіл толқытар Құран үні

жүрек қылын шертпей қойсын ба, Омарды бірден бау-

рап алады. Өзінің мұншалықты толқуына таң қалып,

өзіне-өзі басу айтқан болып: «Бұл оның ақындығы», –

деді, себебі ел Пайғамбарымызды (с.а.с.) бірде сиқыршы

десе, енді бірде ақын дейтін. Әйтеуір мойындамайтын.

Омар осы ойда болды, Құран да оқыла берді. Осы кезде

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Сөзсіз, Құран – құрметті

елшінің Аллаһтан әкелген сөзі. Ақын өлеңі емес. Иман

етуге келгенде не деген қырсық едіңдер» деген аятты

оқымасы бар ма? Омар өз құлағына өзі сенбеді. Не ой-

ларын да білмей қалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның

ойын оқып қойғандай ма дерсің. Шынында, Аллаһ әр

адамның не ойлағанына дейін біледі. Бірақ Омар ол

уақытта Аллаһты танымаған еді. Сасқанынан басқа да

пұтқа табынушылардың айтатынындай «Мұхаммед

көріпкел» деді. Осы кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

даусымен Құран үні мына аятты айтты. «Ол көріпкел

сөзі де емес. Не деген таяз ойлы едіңдер». Құдайдың

құдіретімен Омарға тағы да ашық жауап келді. Омар

не істерін білмеді. Ақырында сүре бітті, бірақ Омардың

уайымы бітпеген еді. Ойы онға, санасы санға бөлінді.

Шарасы таусылып, Қағбадан шығып кетті, бірақ бәрібір

ойынан жаңағы аяттар кетпей қойды.

Адамзаттың дұшпаны

Көне уақытта бір монах бар еді. Соның уақытысында

шайтан бір қызды иектеп, ақыры ауру қылды. Сөйтті

де қыздың әке-шешесін «бұл қызды бір емдесе, монах