Previous Page  141 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 208 Next Page
Page Background

141

Аят түсуіне себеп болған түрлі оқиғалар

Аллаһқа табынып келсе, Аллаһ өлмейді, ол мәңгі тірі!»

– деді де, «Әли Имран» сүресінің 144-аятын оқыды:

«Мұхаммед – тек қана елші. Оған дейін де

қаншама пайғамбарлар келіп кеткен. Ол өлді екен деп

діндеріңнен бас тартасыңдар ма? Естеріңде болсын, кім

діннен шықса, Аллаһқа зиянын тигізе алмайды. Аллаһ

һидаяттың қадірін біліп, шүкір еткендерді марапаттай-

ды».

Қалайша жыламайсың?

Умәйрұлы Үбәйд Айша анамыздан (р.а.):

«Аллаһ елшісінің ең таң қалдыратын ісін

айтыңызшы?» – дегенде: «Оның қайсы ісі таң

қалдырмайды десеңші? – дейді де, – Бір түні бөлмеме

кірді де, төсегіме жайғасты. Сонан соң «Ей, Айша,

маған рұқсат бер, Раббыма құлшылық жасайын?» –

деді де, дәретін жаңартып, намазға тұрды. Намазда

жылағаны соншалық – көз жасы көкірегіне тамшылап

жатты. Рукуғқа барғанда да, сәждеге бас қойғанда да

ұзақ уақыт жылады. Аллаһ елшісінің жылауы таңғы

намаздың уақыты кіріп, Біләл азан айтқанға дейін со-

зылды». Сонан соң мен: «Уа, расулаллаһ! Аллаһ сіздің

бар күнәларыңызды алдын ала кешірді ғой. Неге мұнша

таусыла жылайсыз?» – дегенімде, ол: «Аллаһқа сол үшін

көп шүкір етпеймін бе?» – деп, әрі Аллаһ тағала мына

аятты түсірсе, қалайша жыламайсың: «Шексіз көктер

мен жердің жаратылуында, түн мен күндіздің өзара ал-

масуында, әлбетте, ақыл иелері үшін дәлелдер бар» –

деген аятты оқыды», – деп баяндайды.